Саясат

Пәкістан премьер-министрі Тоқаевты өз еліне шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістан премьер-министрі Шахбаз Шарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Ақорда.
Пәкістан тарапының бастамасымен Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф телефон арқылы сөйлесті. Олар Қазақстан мен Пәкістан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың перспективаларын талқылады.
Сөз арасында екі ел арасындағы өзара сауда-саттықтың қарқынды дамып келе жатқаны және түрлі саладағы ынтымақтастықтың кеңейе түскенін айтты.
Тараптар екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға мүдделі екенін тағы да растады.
Шахбаз Шариф Қасым-Жомарт Тоқаевты Пәкістанға өзіне ыңғайлы кез келген уақытта ресми сапармен келуге шақырды.
Мука и зерно - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2022
Қазақстан Пәкістан нарығына 80-ге жуық тауар түрін шығаруға дайын
Жаңалықтар
0