Нұржан Әлтаев 2 айға қамауға алынды

© Sputnik / Владислав ВодневНуржан Альтаев
Нуржан Альтаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Пара алды деген күдікпен ұсталған бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев 2 ай қамауда отырады, деп хабарлады Астана қаласы сотының баспасөз қызметі.
"Нұржан Әлтаевқа қатысты бұлтартпау шарасы белгілі болды. 2023 жылғы 9 маусымда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Н. Әлтаевты 2 ай мерзімге күзетпен қамау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады", - делінген хабарламада.
Естеріңізге сала кетейік, парламент мәжілісінің экс-депутаты Нұржан Әлтаев 7 маусымда пара алғаны үшін ұсталды.
Қамауға алынған Әлтаев 2018-2019 жылдар аралығында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі бола тұра, жүйелі түрде "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы А.И. Мырзахметовтен пара ретінде ай сайын 5 000 доллар алып келген.
Аманжол Әлтаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.10.2022
"50-60 мыңмен отырғандар бар": Әлтаев қандай мәселеге күш салатынын айтты
Жаңалықтар
0