https://sputnik.kz/20230609/zholdy-zhapqan-astanalyqtardy-politsiya-alyp-ketti--prokuratura-eskertu-zhasady-35804498.html
Жолды жапқан астаналықтарды полиция алып кетті – прокуратура ескерту жасады
Жолды жапқан астаналықтарды полиция алып кетті – прокуратура ескерту жасады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астана қаласында тағы бір үйдің тұрғындары наразылыққа шығып, жолды жауып тастады. Қалалық прокуратура ондай әрекеттер заңсыз... 09.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-09T16:24+0500
2023-06-09T16:24+0500
2023-08-11T11:32+0500
астана
тұрғындар
наразылық
прокуратура
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35717682_0:55:979:606_1920x0_80_0_0_3ef4a8043c3441c32d217170bfb699a0.jpg
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астана қаласында тағы бір үйдің тұрғындары наразылыққа шығып, жолды жауып тастады. Қалалық прокуратура ондай әрекеттер заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 8 маусымда көшеге шыққан тұрғындар пәтер иеленушілер бірлестігінің төрағасы жиналыс хаттамасын қолдан жасады деп, көшеге шықты. Наразылық білдіргендер орталық көшелерінің бірінде жол учаскесін жауып тастады. Полицияға 9 адам жеткізілді. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабы (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) мен 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша жауапқа тартылды. Әрбіреуіне 8 АЕК (27 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды. Астана қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарының заңды талабына бағыну қажеттігін ескертті. Ал заңсыз әрекеттер үшін әкімішілік және қылмыстық жаза қарастырылған. Айта кетейік, бұған дейін Нәжімеденов көшесінде тұратын адамдар жолды жауып тастаған. Олар Астанада 37 градус ыстықта пәтерлерге су түнде бірнеше сағатқа ғана беріліп жатқанын айтып шағымданды.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35717682_50:0:930:660_1920x0_80_0_0_ee65252ff87653a5d6dc4c624982caab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, тұрғындар, наразылық, прокуратура
астана, тұрғындар, наразылық, прокуратура
Жолды жапқан астаналықтарды полиция алып кетті – прокуратура ескерту жасады
16:24 09.06.2023 (жаңартылды: 11:32 11.08.2023) АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Астана қаласында тағы бір үйдің тұрғындары наразылыққа шығып, жолды жауып тастады. Қалалық прокуратура ондай әрекеттер заңсыз екенін ескертті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан.
8 маусымда көшеге шыққан тұрғындар пәтер иеленушілер бірлестігінің төрағасы жиналыс хаттамасын қолдан жасады деп, көшеге шықты. Наразылық білдіргендер орталық көшелерінің бірінде жол учаскесін жауып тастады.
"Кейбір азаматтар қолданыстағы заңнаманы бұза отырып, жолдың жүру бөлігінен кету туралы полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын елемей, жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген", - дейді прокурорлар.
Полицияға 9 адам жеткізілді. Барлығы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 443-бабы (Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау) мен 614-бабы (Көлiк құралдарының жүруіне кедергi келтіру) бойынша жауапқа тартылды. Әрбіреуіне 8 АЕК (27 600 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Астана қаласының прокуратурасы құқық қорғау органдарының заңды талабына бағыну қажеттігін ескертті. Ал заңсыз әрекеттер үшін әкімішілік және қылмыстық жаза қарастырылған.
Айта кетейік, бұған дейін Нәжімеденов көшесінде тұратын адамдар жолды жауып тастаған. Олар Астанада 37 градус ыстықта пәтерлерге су түнде бірнеше сағатқа ғана беріліп жатқанын айтып шағымданды.