Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

НАТО елдері Украинаға әскер кіргізуі мүмкін бе

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчетов артиллерийских установок "Акация" на Запорожском направлении
Работа расчетов артиллерийских установок Акация на Запорожском направлении - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
Солтүстік атлантикалық альянстың бұрынғы бас хатшысы Андерс Фог Расмуссен осы әскери блоктың Еурлпадағы кейбір мүшелері Украинаға әскер кіргізеді деген болжам жасады, деп жазды РИА Новости.
2009-2014 жылдар аралығында НАТО-ны басқарған Расмуссен президент Петр Порошенконың бейресми кеңесшісі болған және Зеленскийдің басқаруындағы консультативтік топты басқарған. Ол сонымен қатар бүкіл әлемде "демократиялық құндылықтарды" насихаттайтын коммерциялық емес "Демократиялар альянсын" құрумен танымал. Экс-бас хатшы Вашингтонды және Еуропаның бірнеше астаналарын аралап, олардың альянстың шілдедегі саммитіне қалай дайындалып жатқанымен танысты.
Ол Вильнюстегі бұл кездесуде Украинаның қауіпсіздігіне кепілдік беріп, одаққа мүше болуын қамтамасыз ету керек деп санайды. Әйтпесе қақтығыстың өршуі сөзсіз екенін айтты.
Альянстағы Американың тұрақты өкілі Джулианна Смит өз кезегінде былай деді: "Біз Украинаны НАТО-мен қарым-қатынаста ілгерілетудің көптеген нұсқасын қарастырып жатырмыз".
Расмуссеннің айтуынша, әскери блоктың кейбір мүшелері "Украина Қарулы күштеріне тікелей көмек көрсету үшін Украина аумағына әскер кіргізуі мүмкін".
"Мен Польшаның бұл тұрғыда белсенділік танытатынын жоққа шығармаймын, ал Балтық жағалауының елдері әскер жөнелту бойынша поляктардың соңынан еруі мүмкін. Егер Украина Вильнюсте ештеңеге қол жеткізбесе, поляктар мұндай коалиция құру мүмкіндігін қарастырады", - деді ол.
Расмуссен тікелей әскери қолдау көрсету бойынша Киев өзі де жанашыр мемлекеттерге өтініш білдіре алады және бұл толыққанды заңды болады деген пікір білдірді.
Автор жазғандай, Украинадағылар бұл өтініштің орындалатынына әлі сенбейді. Украина сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба Расмуссеннің сөзіне түсініктеме бере отырып, "Қарулы қақтығыс аяқталғанша шет мемлекеттердің әскері украин жеріне келмейді" деп айтты.
Өткен жылы АҚШ Киевке қауіпсіздік кепілдігін берді. НАТО-ның басқа мүшелері де дәл осылай жасауға дайын көрінеді. Германия канцлері Олаф Шольц мамыр айында G7 саммиті аясында берген сұхбатында әскери іс-қимылдар аяқталғаннан кейін де Украинаны заманауи қару-жарақпен қамтамасыз етуге дайын екенін білдірді. Ал Францияның сыртқы істер министрлігі кепілдіктер туралы ресми коммюнике жариялады.
Расмуссеннің айтуынша, барлық кепілдіктің жазбаша түрде рәсімделуі және НАТО саммитіне дейін Киевке жеткізілуі маңызды. Бірақ ол бұл жеткіліксіз екенін ескертіп, Украинаның болашағын әлі талқылау қажет екенін айтты.
"Мен Шығыс Еуропаның бірнеше көшбасшысымен сөйлестім. Олар Украинаның НАТО-ға кіруі бойынша нақты жол картасы болғанын қалайды", - деді Расмуссен.
Экс-бас хатшы Киевтің альянсқа кіруі үшін Швеция мен Финляндияға қарастырылғандай жеңілдетілген рәсімдерді ұсыну керек екенін мәлімдеді. Скандинаваия елдерін "жеке жоспар" әзірлеу сынды аралық кезеңдерден босатқан болатын.
РИА Новостиге сұхбат берген сарапшылар бұрынғы бас хатшының еуропалық әскердің Украинаға кіру мүмкіндігі туралы мәлімдемелері Ресей үшін алаңдатарлық белгі екенін айтты.
"Расмуссен айтқан іс-қимылдар ықтималдылығы НАТО-мен тікелей қақтығысты білдіреді, - дейді Әскери-саяси талдау бюросының сарапшысы Павел Калмыков. - Ол өз сөздерінің қандай әсер тудыратынын жақсы түсінеді. Бұл кезекті арандатушылық. Себебі радиоқабылдағыштар мен оқ өткізбейтін кеудешелерді жеткізуден бастап танктер мен ұшақтарға дейін жеткен ұсақ қадамның қалай іріленгенін өз көзімізбен көрдік".
РҒА ӘЭХҚИ Еуропалық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері Владимир Оленченко басқа да жағдайларға тоқталды.
"Расмуссен АҚШ көзқарасын жеткізіп отырғаны сөзсіз, - дейді сарапшы. – Вашингтон Украинаны НАТО-ға жақындатуды және соғыс қимылдары кезінде қандай да бір қауіпсіздік кепілдігін беруді қалайтыны белгілі. Америкалықтар батыстағы одақтастарын біріктіруге тырысып жатыр. Бұл егер еуропалықтар Ресеймен ауқымды қақтығысты қаламаса, онда Киевке қазір көмектескен дұрыс дегенді білдіреді".
Оленченко Польша мен Балтық елдеріне америкалықтардың ықпалы жоғары екенін, егер әскерді украин жеріне жөнелту қажет болса, ол елдер тиісті нұсқау алатынын айтты.
"Мәскеу үшін бұл тиімді емес. Батыс үшін де жақсылық әкелері екіталай. Себебі бұл үшінші дүниежүзілік соғысты бастауға апаратын нақты қадам", - дейді саясаттанушы.
Жаңалықтар
0