Өңірлер

Түркістан облысында екі мектеп оқушылары төбелесті – бір баланың бас сүйегі ойылды

© Sputnik / Табылды КадырбековЖұдырық
Жұдырық - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 9 маусым – Sputnik. Түркістан облысында мектеп оқушылары арасындағы жаппай төбелес кезінде 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алып, ауруханаға түсті. Бір баланың үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Otyrar.kz порталы.
© Photo : Otyrar.kz порталыЕкі мектептің оқушылары төбелес шығарды
Екі мектептің оқушылары төбелес шығарды - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Екі мектептің оқушылары төбелес шығарды
Құсшы ата ауылында 60-тан астам бала төбелес шығарған. Ауылдың бір жағы Кентау қаласына қараса, екінші бөлігі Сауран ауданына тиесілі. Содан екі жақтың балалары жиі төбелесіп тұрады. Бұл жолғы төбелестің соңы қан-жоса қырғынға ұласқан. Оқушылар лақтырған тастар көше бойындағы үйлерді де бүлдірген.
Төбелес кезінде 9-сынып оқушысы ауыр жарақат алды. Жасөспірімнің бас сүйегі сынып, ойылып қалды. Басынан аққан қан тоқтамай, дәрігерлер шұғыл ота жасаған.
Ауылдағы екі мектептің оқушылары қайта-қайта жаға ұстасып жүргеннен кейін мектеп әкімшілігі бірнеше жиналыс өткізген. Алайда нәтиже болмаған. Қазір тергеу шаралары басталды. Ал 10-сынып оқушысының үстінен қылмыстық іс қозғалды.
"Тергеуге 20 шақты бала жеткізілді. Қазір тергеу жүріп жатыр. Күдікті өз кінәсін мойындады. Ауруханадағы баланың басынан бір бала ғана ұрған екен", - дейді Кентау қалалық ПБ бастығы Ерлан Қыдыров.
Полицейлер тек ұсталған балалармен ғана іс жабылмайтынын жеткізді. Ауыл жастарынан тағы жауап алынады.
Қараөткелдегі жиналыс - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2023
Өңірлер
Қараөткел ауылында мектептегі жиналыс кезінде төбелес болды – видео
Жаңалықтар
0