Өңірлер

Дауыл Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатырын ұшырып әкетті

© Photo : Скриншот видеоДауыл Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатырын жұлып әкетті
Дауыл Екібастұз ГРЭС-2 ғимаратының шатырын жұлып әкетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.06.2023
Жазылу
ПАВЛОДАР, 9 маусым – Sputnik. Дауыл Екібастұз 2-ші мемлекеттік аудандық электр станциясы әкімшілік кешенінің шатырын ұшырып әкетті, деп хабарлады Павлодар облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
"8 маусымда 112 пультіне жел "СЭГРЭС-2" АҚ-ның әкімшілік-тұрмыстық кешенінің шатырын жұлып кеткені туралы хабарлама келіп түсті. Ғимарат 1994 жылы салынған. Шатыр 2010 жылы монтаждалған. Жел ұшырған шатырдың ауданы шамамен 100 шаршы метрді құрайды", - деді ТЖД.
Келтірілген залал алдын ала тексеру мен бағалаудан кейін анықталады.
Гидрометеорологиялық орталықтың мәліметінше, Павлодар облысында – желдің екпіні секундына 23 метрге дейін күшейеді.
Ситуация в Экибастузе - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2023
Екібастұзда ЖЭО-дағы апаттан кейін тұрғындардың жаппай кетуін мамандар жоққа шығарды
Жаңалықтар
0