"Стипендия жазда берілмейді": министрлік желіде тараған ақпаратқа түсініктеме берді

© Sputnik / Тимур БатыршинЛето в Алматы
Лето в Алматы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ғылым және жоғары білім министрлігі желіде тараған ақпаратты жоққа шығарды. Жазда студентерге шәкіртақы төлеу тоқтатылмайды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан Stopfake.kz порталына сілтеме жасап.
WhatsApp мессенджерде биылдан бастап студенттерге жаз айларында стипендия төлеу тоқтатылатыны туралы ақпарат тарады.
"Стипендия 1 қыркүйектен бастап беріледі. ҚР өзерістер енгізілген стипендия туралы заңы бойынша жаз айларында (каникул кезінде) берілмейді. Өкінішке орай...", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидалары және олардың мөлшерлерін бекіту туралы үкімет қаулысына ондай өзгерістер енгізілген жоқ.
"ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы 116 қаулысына сәйкес Министрлік шілде айында студенттерге екі айдың, яғни шілде және тамыз айларының стипендиясын аударады", – дейді министрлік мамандары.
Жаңалықтар
0