Шымкенттен Грузияға ұшқан ұшақ кері қайтты – бір адамды жедел жәрдем алып кетті

© Sputnik / Владислав ВодневСамолет в небе
Самолет в небе - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. "Шымкент-Кутаиси" бағытында ұшқан жолаушылар ұшағында бір адам есінен танып қалды. Әуе кемесін қалаға қайтаруға тура келді , деп хабарлайды Sputnik Қазақстан FlyArystan компаниясына сілтеме жасап.
Бүгін таңғы сағат 07:09-да "Шымкент-Кутаиси" бағытында ұшып шыққан KC7407 рейсі кері қайтарылды. Жолаушылардың біреуі есінен танып қалды.
"Бортсеріктер дереу дәрігерлер көмегіне жүгінді. Жолаушыға шұғыл медициналық көмек қажет болды. Қазір жолаушы жедел жәрдемге тапсырылды", - дейді компания мамандары.
Авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша қажетті рәсімдер орындалды. Әуе кемеге жанар-жағармай құю рәсімдерін өткізгеннен кейін Шымкент-Кутаиси бағытында ұшу жоспарланған.
"Біз рейстердің кешігуіне және орындалмауына жол бермеу үшін барлық шараларды қолданамыз, бірақ кейбір жағдайлар біздің бақылауымыздан тыс болатынын еске саламыз. Осы рейстің жолаушыларына түсіністік танытқандары үшін алғыс айтамыз", - делінген ресми хабарламада.
Жаңалықтар
0