Қырғызстан арқылы Қазақстанға өтпек болғандар бар – Лукашенко ҰҚШҰ қауіпсіздігі туралы

© PhotoПрезидент Беларуси Александр Лукашенко 8 июня встретился с секретарями советов безопасности государств - членов Организации Договора о коллективной безопасности
Президент Беларуси Александр Лукашенко 8 июня встретился с секретарями советов безопасности государств - членов Организации Договора о коллективной безопасности  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. ҰҚШҰ елдері бар аймақтардағы, оның ішінде Орталық Азия мен Кавказдағы жағдайдың шиеленісуі Ұйым мемлекеттеріне жасалған ақпараттық және психологиялық қысымның салдары болып табылады, деп мәлімдеді Беларусь президенті Александр Лукашенко ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестерінің хатшыларымен кездесуде.
Осы орайда ол Қырғызстандағы соңғы оқиғаларды тілге тиек етіп, ел ішіндегі жағдайды арандатуға әрекет жасалғанын, бірақ билік оны дер кезінде тоқтатқанын еске салды.
"Жарайсыңдар жігіттер, қолдарыңнан келді. Бұл арандатушылықты бірден басып-жаншып тастады. Себебі олар өткеннен сабақ алды. Жарайсыңдар! Құрметім шексіз. Арандатушылар Қырғызстанды жайына қалдыратын уақыт жетті", – деді Беларусь президенті.
Ол Қырғызстан қазір еңсесін көтеріп жатқанын, оған даму үшін тыныштық керек екенін айтты.
"Қырғызстанды бекерден-бекер арандатып жатыр деп ойлайсыздар ма? Жоқ. Олар Ресей арқылы Қытайға жол табатындай, Қырғызстан арқылы Қазақстанға өткісі келеді. Осыған назар аударыңыздар. Әсіресе, Қазақстан, олар тыныш өмір сүруге мүмкіндік бермейді", - деп ескертті Лукашенко.
Беларусь президенті өз сөзінде барлық қақтығыс қоғамдық өмірдің негізгі салаларына, экономикалық, ақпараттық, биологиялық, әлеуметтік, гуманитарлық және рухани салаларға гибридті әсер етіп жатқанын айтты, деп жазылған Бедарусь президентінің ресми сайтында.
"Әскери-саяси жағдай қатты шиеленісіп тұр, бірақ бұл бергі жағы ғана. Олар барлық жақтан шабуылдап жатыр, бос кеңістік жоқ", - деді Лукашенко.
Беларусь президенті ақпараттық-психологиялық операцияларға қарсы іс-қимылдың маңыздылығын атап өтіп, осы саладағы беларусь тәжірибесімен бөлісуді ұсынды. Оның айтуынша, бұл мәселеде Ресей Федералды қауіпсіздік қызметімен белсенді ынтымақтастық бар екенін айтты.
"ҰҚШҰ мемлекеттері ел ішінде қиындықтар туғызатын осы қысым мен қауіпті ақпараттық қарудың ықпалында тұр", - деді Беларусь көшбасшысы.
Ол сондай-ақ ҰҚШҰ-да дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін жетілдіру қажеттілігіне назар аударды.
"Бізге дағдарысқа қарсы әрекет ету жүйесін толықтай құру және жетілдіру керек. Бұл біздің арнайы қызметтер мен құқық қорғау органдарының міндеті", - деді Беларусь президенті.
Оның айтуынша, бұл мәселеде ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздік кеңестері аппараттарының басшылары маңызды үйлестіруші рөл атқарады. Ал қатерлердің ауқымды трансформациясын ескере отырып, ұйымның 2035 жылға дейінгі кезеңге арналған ұжымдық қауіпсіздігінің жаңа стратегиясының тұжырымдамасы туралы қазірдің өзінде ойлану орынды.
"Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитеті мен жалпы ҰҚШҰ-ға Еуразия құрлығының болашақтағы қауіпсіздік архитектурасына қатысты тәсілдерді үйлестіру және тиісті ұсыныстар әзірлеу бойынша жұмысты бастау қажет деп ойлаймын. Бұл маңызды мәселе", - деп қорытындылады Беларусь президенті Александр Лукашенко.
Минскте ҰҚШҰ Қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтіп жатыр.
Жаңалықтар
0