Қазақстандық курорттар жоғары сұранысқа дайын емес – сарапшы

© SputnikКөлсай
Көлсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 8 маусым - Sputnik, Кәмшат Әбдірайым. Қазақстанда туризм экономиканың саласы ретінде қалыптаса бастады, деп есептейді кәсіпкер, туристік компания жетекшісі Алмас Маратұлы.
Оның айтуынша, жыл сайын еліміздің басты көрікті жерлеріне апаратын жолдардың жағдайы, демалыс базаларындағы ахуал мен жол бойындағы инфрақұрылымның сапасы жақсы жаққа өзгеріп келеді.
© PhotoАлмас Маратұлы, туристік компания жетекшісі
Кольсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Алмас Маратұлы, туристік компания жетекшісі
Сарапшы Қазақстанның туристік саласының болашағына оң баға береді. Алмас Маратұлы 2016 жылдан бастап ішкі туризммен айналысып келеді.
"Қазақстанда ішкі туризм дамып келеді. Иә, ақырындап, бірақ дамып келеді. Мен ішкі туризмде жеті жыл болдым. Әрине бәрі жақсы деп айтпаймын, бірақ көп нәрсе жасалды. Инфрақұрылым, жаңа орындар, жаңа мейрамханалар, ұлттық саябақтардағы дәмханалар, жуынатын бөлмелер пайда болды. Көптеген туристік бағытта жолдар салынды, инфрақұрылым қосылды, мобильді интернет бар", - дейді бизнесмен Sputnik Қазақстан тілшісіне берген сұхбатында.
Ол соңғы жылдары шетелдік лоукостерлер Қазақстанға рейстер аша бастағанын, бұл елге туристік ағымды арттыратынын айтты. 3 миллиардтан астам адам тұратын Қытай мен Үндістан сияқты елдердің азаматтары үшін визасыз режимді енгізу туризмді дамытудағы үлкен қадам, деп есептеді сарапшы.
Оның пікірінше, егер құқыққорғау органдары тәртіпті қадағалайтын болса, онда мұндай ірі елдермен визасыз режимнен қорықпауға болады.
"Біз әр турист үшін күресуіміз керек, өйткені шетелдік турист өз ақшасын біздің елге әкеліп, бізге қалдырады. Ол ақшаны тек қонақүйге немесе туроператорға қалдырмайды. Егер ол су сатып алса, ол дүкенге ақша қалдырады. Егер ол көлікпен жүрсе, онда ол ақшаны автопаркке қалдырады. Егер ол көшеде кешкі ас ішсе, дәмханада ақша қалдырады", - дейді Алмас Маратұлы.
© SputnikКөлсай көрінісі
Кольсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Көлсай көрінісі
Қазақстанда туризм мәселелерімен Туризм индустриясы комитеті, "Қазақтуризм" Ұлттық компаниясы және "Атамекен" кәсіпкерлер палатасы айналысады.
Сарапшының айтуынша, мемлекеттік органдар, шағын және орта бизнес арасында коммуникация жолға қойылған, онлайн және офлайн кездесулер өткізіледі, сондай-ақ мемлекеттік органдар туристік ағынның азаюына жол бермеу үшін маусымаралық іс-шараларды ұйымдастырады.
Алмас Маратұлының сөзінше, соңғы жылдары оның компаниясының қызметін пайдаланатын туристер саны артқан. Оның пайымдауынша, бұған туризм және "Қазақтуризм" комитетінің шешімдері ықпал еткен болуы мүмкін. Елдің туристік әлеуетін одан әрі дамыту және Қазақстанды сыртқы әлемге ашу үшін белгілі шетелдік тревел-блогерлерді шақыру қажет, деп санайды ол.
"Егер қандай да бір блогер қандай да бір елге барса, онда туристер де сол жерге барады. Мысалы, биыл Fly-Arystan Әзірбайжанға рейс ашты, сосын қазақстандықтар Бакуге жиі бара бастады. Сол сияқты, егер біз өз елімізге шетелдік үздік блогерлерді шақыратын болсақ, оның аудиториясы да Қазақстанға келеді. Осылайша бір блогерге жұмсалатын шығындар шағын және орта бизнестің пайдасы түрінде өтеледі", - дейді сарапшы.

Ішкі туризмді дамытуға не кедергі

Оң нәтижеге қарамастан, Қазақстанда туризм саласында да өз проблемалары бар. Олардың біріншісі туристік маусымның ұзақтығына тікелей байланысты.
© Sputnik"Егер қандай да бір блогер қандай да бір елге барса, онда туристер де сол жерге барады"
Кольсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
"Егер қандай да бір блогер қандай да бір елге барса, онда туристер де сол жерге барады"
"Өкініштісі, ішкі туризм туристік маусымның ұзақтығына байланысты. Мысалы, Алакөлдегі демалыс орындары ең көп дегенде екі ай жұмыс істейді – шілде және тамыз. Қазақстанның түрлі қаласынан келген адамдар демалысқа келгісі келеді, бірақ сұраныстың жоғары болуына және туристік маусымның қысқалығына байланысты проблемалар туындайды. Біріншіден, орын тапшылығы. Демалыс базалары барлық сұранысты қанағаттандыра алмайды. Сұраныс жоғары болғандықтан, сервис ақсап, бағалар қымбаттайды. Бурабайда, Балқашта, Каспийде де жағдай бірдей", - дейді Алмас Маратұлы.
Тіпті жуынатын бөлмелердің өзі туризмді дұрыс дамытпай тұр, дейді сарапшы.
"Ұлттық саябақтарда, мысалы, Шарын, Аюсай, Түргенде сапар орталықтары пайда болады. Алтын-Емелде визит-орталық салынып жатыр. Мемлекет мәселені шешіп қана қоймай, мәселені шешуге өте экологиялық тұрғыдан қарайды. Себебі ұлттық саябақта дәретхана салу немесе қоқыс жәшігін салу – бұл шешім емес. Мұнда көптеген қиындық бар, мысалы, қоқысты қаншалықты жиі тазалау керек, кәрізді қайда төгу керек, қашан тазалау керек, кім жинайды, жұмысшыларға еңбекақы бюджеттен төлене ме, жоқ жеке меншік төлей ме?", - дейді Алмас Маратұлы.
© SputnikКольсай
Кольсай - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Кольсай
Туркомпания басшысы Қазақстанда Катонқарағай сияқты проблемалық учаскелер әлі де бар екенін айтады. Бұған Алакөлге апаратын жолды да жатқызуға болады, оның құрылысы күні бүгінге дейін толық шешімін таппай келеді.
Тағы бір мәселе - бағаның өсуіне әкелетін инфляция.
"Біз туроператорлар ретінде турдың құнын үнемі қайта есептейміз. Шығындардың шамамен 40-50%-і логистика мен трансферден келеді деп айтуға болады. Дизель отыны бағасының өсуіне байланысты турлардың бағасы биыл 20%-ке өсті. Қонақүйлерде тұру құны, азық-түлік бағасы да 20%-ке өсті. Бұл бізге байланысты емес, біз сыртқы және ішкі фактілерге, инфляцияға тәуелдіміз", - дейді ол.
"Қазақтуризм" Ұлттық компаниясы Наурыз мерекелері кезінде Түркістан және Алматы сияқты бағыттар сұранысқа ие болғанын хабарлады. Бұл kids go free бағдарламасының нәтижелерін талдау арқылы анықталды, соның арқасында балаларға Қазақстан бойынша тегін әуе рейстері ұсынылады.
"Kids go free бойынша 2023 жылғы тағы бір жаңалық немесе тренд Алакөл көліне саяхат жасатуға уәде береді. Өткен жылы көлге апаратын бірден екі әуежайды қайта жаңартуға байланысты бұл бағдарлама жүзеге аспады", - деп атап өтті компания.
Соңғы жылдары шетелдік лоукостерлер Қазақстанға рейстер ашуды бастады, бұл елге туристік ағымды да ұлғайтады.
Алакөлге турларды сатып алу ақпан айында басталды, бұл қазақстандық отбасыларға саяхат бюджетінің 30-дан 50%-ға дейін үнемдеуге мүмкіндік береді.
Сондай-ақ туроператорлар мен "Қазақтуризм" биылғы жылы еліміздің солтүстік және Орталық бөліктеріндегі демалысқа назар аударуды ұсынады. Ол үшін Kids go free турлары әзірленді:
Бурабай курортымен Көкшетауға бару;
Петропавл мен Имантау-Шалқар;
Павлодар мен Баянауыл;
Қарағанды Қарқаралы ауылымен.
Ішкі туристер саны 8,6 млн адамға жетті "Қазақтуризм" деректері бойынша, өткен жылы ішкі туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда 1,7 млн адамға артып, 8,6 млн адамды құрады. Бұл пандемияға дейінгі деңгейден 2 миллион адамға артық (2019 жылы – 6,7 миллион адам).
"Қонақүйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, қонақ үйлер, демалыс үйлері, пансионаттар және т.б. кіретін орналастыру объектілері 182,9 млрд теңгеге қызмет көрсетті, бұл тиісінше 2021 және 2019 жылдарға қарағанда 70 млрд және 60 млрд теңгеге артық", – дейді "Қазақтуризм".
2022 жылы 284 жаңа орналастыру орны пайда болды, ал олардың ел бойынша жалпы саны 4 мыңға жуық. Біржолғы сыйымдылығы 203 мыңнан астам төсек-орын, ол 10 мыңға көбейді.
Визасыз режимнің жаңаруына және оның жаңа елдер үшін кеңеюіне, сондай-ақ жаңа халықаралық рейстердің, елді ілгерілету жөніндегі іс-шаралардың іске қосылуына байланысты шетелдік туристер саны 2021 жылмен салыстырғанда үш есеге артқан. Компанияның мәліметінше, 2021 жылы шетелдік туристер саны 329,8 мың адам болған.
"Қазақтуризм" биыл Қазақстанға 1,4 миллион турист келеді деп күтіп отыр.
Жаңалықтар
0