Астана халықаралық форумы

Қазақстанда БҰҰ-ның Өңірлік орталығы құрылуы мүмкін

© AP Photo / Bebeto MatthewsБҰҰ
БҰҰ - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құруды ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Тоқаев Қазақстан Ауғанстандағы гуманитарлық дағдарысты еңсеру ісіне белсенді араласып жүргенін атап өтті.
"БҰҰ қамқорлығымен ауған халқына жан-жақты көмек көрсетуді одан әрі арттыру қажеттігін атап өткім келеді. Бұл тұрғыда Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру маңызды", - деді президент елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумында.
Оның айтуынша, еліміз әрқашан бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті нығайту жолында бар күшін салады.
"Біз ядролық қарусыздануды қолдаймыз және Ядролық қаруды таратпау туралы шартты ұстанамыз. Біздің еліміз Сирия дағдарысын шешу үшін Астана бейбіт үдерісіне бастамашы болды. Елордамыз әлемдік діндер көшбасшыларының съездерін өткізетін тұрақты орынға айналды. Штаб-пәтері Астанада орналасқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңес өңірлік және жаһандық проблемаларды шешудің беделді тетігіне айналды", - деді мемлекет басшысы.
Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Международного форума Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Астана халықаралық форумы
Тоқаев экономикалық саясаттың қаруға айналып бара жатқанына алаңдады
Жаңалықтар
0