https://sputnik.kz/20230608/qart-kaspiydin-khali-mushkil---ministrlik-tusinikteme-berdi-35740008.html
Қарт Каспийдің хәлі мүшкіл - министрлік түсініктеме берді
Қарт Каспийдің хәлі мүшкіл - министрлік түсініктеме берді
Sputnik Қазақстан
Қарт Каспийдің халі мүшкіл
2023-06-08T10:53+0500
2023-06-08T10:53+0500
2023-06-08T10:53+0500
каспий
экология
https://sputnik.kz/img/07e7/05/11/34970089_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5632bd65e6b9c1e91032e0fb9a29872e.jpg
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Экология министрі Зульфия Сүлейменова Каспий теңізінің таяздап кеткеніне әсер еткен бірнеше факторды атады.Соңғы бірнеше жылда су азайып бара жатыр, дейді министр. "Су азайған сайын теңізге құятын су көлемі де азаяды. Сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық аумағы ең таяз аумақ. Сондықтан біз климаттың өзгеруінің салдарын сыртқы экзогендік фактор ретінде көріп отырмыз", - деді экология министрлігінің басшысы. Министр теңіздегі көңілсіз жайтты Каспийді жағалай орналасқан шетелдік әріптестерімен талқылап жатқанын айтады. "Біз бұл мәселені Каспий маңындағы әріптестерімізбен бірге көтеріп жатырмыз. Нью-Йоркте Әзербайжанның экология министрімен кездестім. Сол жерде біз бұл мәселені де талқыладық. Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрімен де біз бұл мәселені көтердік. Өйткені бұл жерде Жайық суының тартылуы ғана емес, Еділ өзенінің де мәселесі тұр", - деді Сүлейменова. Министрдің айтуынша, бұл проблеманы ауқымды түрде шешпесе тек Қазақстан емес, Каспий теңізі жағалауындағы өзге де мемлекеттер үшін қауіп төнеді. Еске сала кетсек, Ақтауда қарт Каспийдің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.
https://sputnik.kz/20230513/kaspiy-zhagalauynan-itbalyqtardyn-oleksesi-tabyldy-34853270.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/11/34970089_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_1f4800dd4216f700f6eea64003c19496.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
каспий экология зүлфия сүлейменова зульфия сулейменова министр
каспий экология зүлфия сүлейменова зульфия сулейменова министр
АСТАНА, 8 маусым - Sputnik. Экология министрі Зульфия Сүлейменова Каспий теңізінің таяздап кеткеніне әсер еткен бірнеше факторды атады.
"Біріншіден, Каспий теңізіне құятын өзендер ағысы төмендеген. Теңіз - жабық су айдыны. Екінші мәселе - сол өзендердің гидрологиялық режимдеріне әсер ететін климаттың өзгеруі", - деп түсіндірді Сүлейменова.
Соңғы бірнеше жылда су азайып бара жатыр, дейді министр.
"Су азайған сайын теңізге құятын су көлемі де азаяды. Сонымен қатар Каспий теңізінің қазақстандық аумағы ең таяз аумақ. Сондықтан біз климаттың өзгеруінің салдарын сыртқы экзогендік фактор ретінде көріп отырмыз", - деді экология министрлігінің басшысы.
Министр теңіздегі көңілсіз жайтты Каспийді жағалай орналасқан шетелдік әріптестерімен талқылап жатқанын айтады.
"Біз бұл мәселені Каспий маңындағы әріптестерімізбен бірге көтеріп жатырмыз. Нью-Йоркте Әзербайжанның экология министрімен кездестім. Сол жерде біз бұл мәселені де талқыладық. Ресейдің табиғи ресурстар және экология министрімен де біз бұл мәселені көтердік. Өйткені бұл жерде Жайық суының тартылуы ғана емес, Еділ өзенінің де мәселесі тұр", - деді Сүлейменова.
Министрдің айтуынша, бұл проблеманы ауқымды түрде шешпесе тек Қазақстан емес, Каспий теңізі жағалауындағы өзге де мемлекеттер үшін қауіп төнеді.
Еске сала кетсек, Ақтауда қарт Каспийдің тартылуына байланысты табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимі жарияланды.