Астана халықаралық форумы

Диалог соғыс пен қақтығыс идеологиясынан жоғары тұруға тиіс – Тоқаев

© Sputnik / Владислав ВодневАстана халықаралық форумы
Астана халықаралық форумы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумының сәтті өтуіне қатысты көзқарасын білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
© PhotoТоқаев: әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті
Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Международного форума Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Тоқаев: әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті
Тоқаев форум қатысушылары қазіргі проблемалардың, адамның өміріне қауіп төндіретін мәселелердің мәніне тереңірек үңілуі керек.
"Шын мәнінде, әлемдегі қарапайым адамдардың өмірі қиындай түсті. Біз, ең алдымен, мұны мойындауымыз керек. Екіншіден, біз атышулы мәселелерге ғана назар аудармауымыз керек. Біз осы шеңберден шығып, бәрімізді біріктіретін мәселелер туралы айтуға тиіспіз. Қысқаша айтса, осы мәселелерді шешуіміз керек. Менің көзқарасым бойынша, диалог пен пікір алмасу және әділдік текетірестен, соғыс пен қақтығыс идеологиясынан жоғары тұруға тиіс", - деді Тоқаев елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумында.
Президент оптимистік көзқараспен алдағы екі күнде өтетін конструктивті талқылау оңтайлы шешім қабылдауға және алдағы уақытта әріптестікке бағыттайтынына сенім білдірді.
"Сөз соңында маған мына жайтты еске салуға рұқсат етіңіздер. Мазмұнды әңгіме мен серіктестікке жол ашу үшін ашықтық, шыдамдылық және бірлік ауадай қажет. Мен осы форумға және әрқайсыңызға сәттілік тілеймін", - деді мемлекет басшысы.
Айта кетері, елордада 8-9 маусым күндері Астана халықаралық форумы өтеді. Форумның басты тақырыбы – "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, даму және прогресс жолында".
Форумға мемлекеттер мен үкіметтердің, халықаралық ұйымдар мен ірі компаниялардың басшылары, саяси қайраткерлер мен сарапшы топтарының өкілдері қатысып жатыр. Астана халықаралық форумына жиналған құрметті қонақтар арасында Катар мемлекетінің әмірі мәртебелі Шейх Тамим бин Хамад Аль Тани, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Нгози Оконджо-Ивеала, БҰҰ білім, ғылым және мәдениет жөніндегі бас директоры (ЮНЕСКО) Одрэ Азуле, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева және тағы басқалары бар.
Выступление Президента Касым-Жомарта Токаева на пленарном заседании Международного форума Астана - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Астана халықаралық форумы
Президент Алматыда Орталық Азия елдерінің жобалық кеңсесін құруды ұсынды
Жаңалықтар
0