https://sputnik.kz/20230608/bizdin-adamdar-zhanasha-oylau-men-zhana-narse-oylap-tabuga-beyimdelui-kerek--prezident-35771938.html
Біздің адамдар жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек – президент
Біздің адамдар жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек – президент
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек деп... 08.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-08T16:39+0500
2023-06-08T16:39+0500
2023-09-15T11:22+0500
қасым-жомарт тоқаев
форум
астана халықаралық форумы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/08/35741559_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_800c7e8503159bfb3d3d9802976ffca3.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек деп есептейді. Бұл туралы ол елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумының алаңында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оның айтуынша, адами капитал шешуші рөл атқарады. Бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы – адами фактор.Мемлекет басшысы Қазақстанның басты мұраты – келешектің цифрлық экономикасына көшу екенін атап өтті. Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді."2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз", - деген президент бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/08/35741559_57:0:1224:875_1920x0_80_0_0_674dd81b8d4c7e7f7ef5d124cc694b87.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, форум
қасым-жомарт тоқаев, форум
Біздің адамдар жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек – президент
16:39 08.06.2023 (жаңартылды: 11:22 15.09.2023) АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек деп есептейді. Бұл туралы ол елордада өтіп жатқан Астана халықаралық форумының алаңында айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, адами капитал шешуші рөл атқарады. Бірақ цифрлық трансформацияға кедергі келтіретін де осы – адами фактор.
"Цифрлық үдерістерді басқару үшін цифрлық сауаттылыққа және білімге баса мән беруіміз қажет екенін түсінуге тиіспіз. Түпкі мақсат – цифрлық өсімге бағдарланған креативті қоғам қалыптастыру. Біздің адамдар жаңа идеяларды қабылдауға, жаңаша ойлау мен жаңа нәрсе ойлап табуға бейімделуі керек", дейді Тоқаев.
Мемлекет басшысы Қазақстанның басты мұраты – келешектің цифрлық экономикасына көшу екенін атап өтті. Цифрлық интеллект индексіне (Digital IQ) сәйкес Қазақстан цифрландыру қарқыны бойынша 20-орында және цифрлық ортаны дамыту жөнінен анағұрлым перспективті елдердің қатарына кіреді.
"2022 жылы еліміздегі цифрландыру саласы 12 пайызға өсті. Отандық цифрлық өнімдердің халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігі артып келеді. Былтыр IT өнімдері мен қызметтер экспорты 5 есе ұлғайып, 333 миллион долларды құрады. Мақсатымыз – 2025 жылға қарай бұл көрсеткішті 500 миллион долларға дейін жеткізу. Дегенмен мұнымен тоқтап қалмаймыз", - деген президент бұл бағыттағы жұмысты жалғастыратынын мәлімдеді.