https://sputnik.kz/20230608/arselormittal-temirtau-ekologiyaga-keltirgen-ziyany-ushin-12-mlrd-tenge-ayyppul-arqalady-35780625.html
"АрселорМиттал Теміртау" экологияға келтірген зияны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
"АрселорМиттал Теміртау" экологияға келтірген зияны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Экологтардың тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды... 08.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-08T20:50+0500
2023-06-08T20:50+0500
2023-06-08T20:50+0500
арселормиттал теміртау
экология
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007317_0:0:1600:900_1920x0_80_0_0_8514415f27785f4808badec0f3af3f61.jpg
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Экологтардың тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Қарағанды облысының Экология департаментінен мәлім етті.Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 2022 жылдың 5 қыркүйегі – 3 қазаны аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның барысында кәсіпорынның барлық жұмыс істеп тұрған цехтары бойынша "Жол картасы" бағдарламасының орындалу барысы сарапталды. Нәтижесінде өнеркәсіп алыбында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.Негізгі бұзушылықтар бірқатар цехта (кокс, ЖЭО-2, агломерациялық, домна, №2, №3 металл илеу және әк күйдіру цехтары) шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды."Департамент экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды", - делінген хабарламада.Бүгінгі таңда Теміртау қаласы әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге"АрселорМиттал Теміртау"АҚ-ға айыппұлды үш кезеңмен бөліп төлеу тағайындалды.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/08/26007317_200:0:1400:900_1920x0_80_0_0_160f641db15dd76c65275643d79377cd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
арселормиттал теміртау, экология
арселормиттал теміртау, экология
"АрселорМиттал Теміртау" экологияға келтірген зияны үшін 1,2 млрд теңге айыппұл арқалады
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Экологтардың тексерісінен кейін "АрселорМиттал Теміртау" ауаны ластағаны үшін 1 млрд теңгеден астам сомада айыппұл төлейтін болды. Бұл туралы Қарағанды облысының Экология департаментінен
мәлім етті.
Қарағанды облысы бойынша Экология департаменті 2022 жылдың 5 қыркүйегі – 3 қазаны аралығында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-ға жоспардан тыс тексеру жүргізді. Оның барысында кәсіпорынның барлық жұмыс істеп тұрған цехтары бойынша "Жол картасы" бағдарламасының орындалу барысы сарапталды. Нәтижесінде өнеркәсіп алыбында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасы өрескел бұзылғаны анықталды.
Негізгі бұзушылықтар бірқатар цехта (кокс, ЖЭО-2, агломерациялық, домна, №2, №3 металл илеу және әк күйдіру цехтары) шығарындылардың шекті рұқсат етілген нормадан асып кетуі болды.
"Департамент экологиялық заңнаманы бұзғаны үшін 1 207 287 661 теңге сомасына әкімшілік айыппұл салды", - делінген хабарламада.
Бүгінгі таңда Теміртау қаласы әкімшілік сотының шешіміне сәйкес 2023 жылғы 15 тамызға дейінгі мерзімге"АрселорМиттал Теміртау"АҚ-ға айыппұлды үш кезеңмен бөліп төлеу тағайындалды.