Өңірлер

Ақтөбеде әйелдің үстіне кілем құлады

Сырмақ кілемі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
Дүкен иелері моральдық шығын үшін зардап шеккен әйелге бір миллион теңге төлеуге тиіс
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Ақтөбеде кілем сататын дүкенге барған әйелдің оң жақ жамбас сүйегі сынды.
Сатып алушының үстіне оралған кілем құлады, деп хабарлайды "Диапазон" басылымы.
"Ол дүкен иелерінен емделуге кеткен шығынды және моральдық залалды өтеуді талап етіп, сотқа жүгінді. Бірінші сатыдағы сот талап арызды қараусыз қалдырды. Талапкер апелляциялық шағым түсірді", - деп хабарлады Ақтөбе облыстық соты.
Нәтижесінде оқиға медиациялық келісіммен аяқталды. Енді дүкен иелері моральдық шығынды ретінде бір миллион теңге төлеуге тиіс.
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2023
Оқиға
Ақтауда көшеде кетіп бара жатқан ер адамның үстіне диван құлады
Жаңалықтар
0