Экономика

Air Astana IPO-ға толық дайын – Самұрық-Қазына

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуAir Astana
Air Astana - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.06.2023
Жазылу
Биржаға шығудың ықтимал мерзімі 2024 жыл деп аталды
АСТАНА, 8 маусым – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы 2024 жылы IPO шығуға дайын, деп хабарлады "Самұрық-Қазына" АҚ даму және жекешелендіру жөніндегі басқарушы директоры Ернар Жанәділ.
"Air Astana IPO-ға толығымен дайын. Оның 2022 жылғы нәтижелері тамаша, кірісі 1 миллиард доллардан асады. Таза пайда шамамен 80 миллион долларды құрайды. Бұл компания тарихындағы рекордтық көрсеткіш. Біз осы жылы жергілікті биржаларда IPO өткізуді ұсындық", - деді Astana Finance Days конференциясында Ернар Жанәділ.
Бірақ ол нысанның екінші тең иесі – BAE Systems ұстанымын да назардан тыс қалдырмау керектігін атап өтті.
"Air Astana акциялары жергілікті және халықаралық биржаларда сатылуы керек. Келіссөздер жалғасып жатыр. Біз мұны талқылап, дұрыс шешімді табуға тырысып жатырмыз. Air Astana әуе компаниясын 2024 жылы IPO-ға шығарамыз деп отырмыз. Сол уақытқа дейін халықаралық нарықтардағы құбылмалылық азаяды деп ойлаймыз", - деді Astana Finance Days конференциясында Ернар Жанәділ.
"Самұрық-Қазына" қоры әуе компаниясы акцияларының 51%-іне ие. Қалған 49%-і – британиялық BAE Systems иелігінде.
2023 жылдың қаңтарында Air Astana бас директоры Питер Фостер президентке IPO 2024 жылы өтетінін айтты.
Қор басшылығы бұған дейін мына еншілес компанияларды IPO-ға шығару бойынша жоспарымен бөлісті:
2023-2024 жылдар – "Эйр Астана", КЕГОК, "Самұрық-Энерго" жасыл активтерінің портфелі (QazaqGreenPower plc жобалау компаниясы)
2024-2025 жылдар – Qazaqgaz
2025 жылы – "Қазақстан темір жолы" (ҚТЖ).
Жаңалықтар
0