https://sputnik.kz/20230607/suyegi-korinip-qalgan-oralda-it-qapqan-zhasospirimge-ota-qazhet-35694162.html
Сүйегі көрініп қалған: Оралда ит қапқан жасөспірімге ота қажет
Сүйегі көрініп қалған: Оралда ит қапқан жасөспірімге ота қажет
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Оралда 13 жасар жеткіншекті қаңғыбас ит қауып алды, деп хабарлайды "Мой город" порталы. 07.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-07T11:24+0500
2023-06-07T11:24+0500
2023-06-07T11:24+0500
ит
орал
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:165:2719:1694_1920x0_80_0_0_0d93cc1c79c9698c73e620289bcaa92e.jpg
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Оралда 13 жасар жеткіншекті қаңғыбас ит қауып алды, деп хабарлайды "Мой город" порталы.Қыздың анасының айтуынша, оқиға 31 мамырда болған. Қабаған ит көпқабатты үйдің ауласында бірнеше жылдан бері мекендейтін көрінеді.Аулада ойнап жүрген балалар иттің күшіктерімен ойнамақ болған. Баласын қызғанған ит қыздың аяғынан қауып алған. Ал аула тұрғындары болса, қаңғыбас иттен мезі болғандарын айтады."Біз таңертең келсек те, күні бойы аңдысақ та таппаймыз. Жануар ақылды, бәрін сезеді, ұстатпай қашып кетеді. Жануарды ұстаған кезде заң бойынша 10 күн карантинге жібереміз, содан кейін оны қайтадан тіршілік ету ортасына жібереміз. Тек комиссияның шешімімен ғана оны ұйықтата аламыз, онда да жануар агрессивті болса", — дейді Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры Мадияр Ахметов.Айтпақшы, биыл Оралда мыңнан астам ит ұсталып, зарарсыздандырылды.
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/211/25/2112517_0:0:2719:2039_1920x0_80_0_0_f25ef0d324864c01d53191b226a6a75b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ит, орал
Сүйегі көрініп қалған: Оралда ит қапқан жасөспірімге ота қажет
АЛМАТЫ, 7 маусым – Sputnik. Оралда 13 жасар жеткіншекті қаңғыбас ит қауып алды, деп хабарлайды
"Мой город" порталы.
Қыздың анасының айтуынша, оқиға 31 мамырда болған. Қабаған ит көпқабатты үйдің ауласында бірнеше жылдан бері мекендейтін көрінеді.
"Ит қызымның аяғын тістеп қана қоймай, етін жұлып алған. Тіпті сүйегі көрініп қалған. Қазір қызымның жағдайы жақсарды, жарасы біртіндеп жазылып келеді. Бірақ аяғы бұрыңғыдай болуы үшін болашақта эстетикалық ота жасалу керек", - дейді жәбірленушінің анасы.
Аулада ойнап жүрген балалар иттің күшіктерімен ойнамақ болған. Баласын қызғанған ит қыздың аяғынан қауып алған. Ал аула тұрғындары болса, қаңғыбас иттен мезі болғандарын айтады.
"Біз таңертең келсек те, күні бойы аңдысақ та таппаймыз. Жануар ақылды, бәрін сезеді, ұстатпай қашып кетеді. Жануарды ұстаған кезде заң бойынша 10 күн карантинге жібереміз, содан кейін оны қайтадан тіршілік ету ортасына жібереміз. Тек комиссияның шешімімен ғана оны ұйықтата аламыз, онда да жануар агрессивті болса", — дейді Орал қалалық ветеринарлық станциясының директоры Мадияр Ахметов.
Айтпақшы, биыл Оралда мыңнан астам ит ұсталып, зарарсыздандырылды.