https://sputnik.kz/20230607/qaragandyda-13-zeynetkerdi-aldap-ketken-qylmyskerler-ustaldy-35705508.html
"Абдырап қалдым": Қарағандыда 13 зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды
"Абдырап қалдым": Қарағандыда 13 зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында ондаған зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды. Жәбірленушінің біреуі 17 миллион теңгеден айырылды, деп... 07.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-07T14:36+0500
2023-06-07T14:36+0500
2023-06-07T14:41+0500
өңірлер
қарағанды
зейнеткер
алаяқ
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_0:163:3065:1887_1920x0_80_0_0_2743cd4624635c850046076be1e91418.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында ондаған зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды. Жәбірленушінің біреуі 17 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.Полицияға арызданған 82 жастағы қала тұрғынына белгісіз біреулер үй телефонына қоңырау шалған. Ер адам өзін тергеуші деп таныстырған. Сосын зейнеткердің қызы жол апатына кінәлі болғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Осы мәселені тездетіп шешу үшін 7 миллион теңге талап етті. Зейнеткер әйел 2 миллион теңге ғана бар деп, үйдің ауласына келген "курьерге" ақшаны бере салған. Ал есін жиғасын қызына хабарласқан. Қызы аман-есен, үйінде болған. Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады. Қаржыдан қысылып, қылмыс жасағанын айтты. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдіктілер осыған ұқсас тағы 13 қылмысқа қатысы бар болып шықты. Зардап шеккендердің барлығы – зейнеткерлер. Біреуі 835 мың теңге берсе, басқасы 17 миллионнан айырылған. Олардың арасында зейнеткер Галина Ивановна да бар. 74 жастағы әйелге де қоңырау шалған. Бірақ тұтқаның арғы жағында алдымен әйелдің даусы естілді. "Анашым, мен белгіленбеген жолмен өтіп кеттім. Ал мені соғып кетпес үшін әйел басқарған көлік апатқа ұшырады. Ол қатты жараланды. Қазір ауруханада, әйелді емдеуге 5 миллион теңге қажет", - деді ол. Зейнеткер оны өзінің қызы деп ойлап қалған. "Мен абдырап қалдым. Артынша әңгімеге өзін тергеушімін деп таныстырған азамат қосылды. Даусы сенімді болды. Оқиғаға қызымның кінәлі екенін айтып, жағдайды қылмыстық іске жеткізбеу үшін келісу актісін жазу керектігін жеткізді. Қанша ақша бар деп сұрады. Мен 835 мың теңгем бар деп жауап бердім. Ол ақшаны емделуге жинағанмын. Әлгі адам ақшаны жүргізушіге берсін деді", – дейді зейнеткер.Ол денсаулығына байланысты пәтерден шыға алмайтынын ескерткен. Ол да кейін қызына хабарласып, жол апаты болмағанын білген.
қарағанды
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/09/0f/14965386_166:0:2897:2048_1920x0_80_0_0_fa3e44147d42acd286ef39503d6b2ce1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қарағанды, зейнеткер, алаяқ
қарағанды, зейнеткер, алаяқ
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Қарағанды қаласында ондаған зейнеткерді алдаған алаяқтар ұсталды. Жәбірленушінің біреуі 17 миллион теңгеден айырылды, деп хабарлайды
Polisia.kz порталы.
Полицияға арызданған 82 жастағы қала тұрғынына белгісіз біреулер үй телефонына қоңырау шалған. Ер адам өзін тергеуші деп таныстырған. Сосын зейнеткердің қызы жол апатына кінәлі болғанын және оған қатысты қылмыстық іс қозғалғанын айтқан. Осы мәселені тездетіп шешу үшін 7 миллион теңге талап етті.
Зейнеткер әйел 2 миллион теңге ғана бар деп, үйдің ауласына келген "курьерге" ақшаны бере салған. Ал есін жиғасын қызына хабарласқан. Қызы аман-есен, үйінде болған.
Полицейлер Қылмыстық кодекстің 190-бабы ("Алаяқтық") бойынша іс қозғады. Жедел-іздестіру шаралары барысында 30 жастағы екі ер адам ұсталды. Олар өз кінәсін мойындады. Қаржыдан қысылып, қылмыс жасағанын айтты. Екеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Күдіктілер осыған ұқсас тағы 13 қылмысқа қатысы бар болып шықты. Зардап шеккендердің барлығы – зейнеткерлер. Біреуі 835 мың теңге берсе, басқасы 17 миллионнан айырылған. Олардың арасында зейнеткер Галина Ивановна да бар. 74 жастағы әйелге де қоңырау шалған. Бірақ тұтқаның арғы жағында алдымен әйелдің даусы естілді. "Анашым, мен белгіленбеген жолмен өтіп кеттім. Ал мені соғып кетпес үшін әйел басқарған көлік апатқа ұшырады. Ол қатты жараланды. Қазір ауруханада, әйелді емдеуге 5 миллион теңге қажет", - деді ол.
Зейнеткер оны өзінің қызы деп ойлап қалған.
"Мен абдырап қалдым. Артынша әңгімеге өзін тергеушімін деп таныстырған азамат қосылды. Даусы сенімді болды. Оқиғаға қызымның кінәлі екенін айтып, жағдайды қылмыстық іске жеткізбеу үшін келісу актісін жазу керектігін жеткізді. Қанша ақша бар деп сұрады. Мен 835 мың теңгем бар деп жауап бердім. Ол ақшаны емделуге жинағанмын. Әлгі адам ақшаны жүргізушіге берсін деді", – дейді зейнеткер.
Ол денсаулығына байланысты пәтерден шыға алмайтынын ескерткен.
"Содан кейін маған ақшаны сөмкеге салып, балкон астында тұрған адамға лақтыруға кеңес берді. Мен балконға шықтым, төменде қара көзілдірік, қара қалпақ киген жігітті көрдім. Мен оған сөмкені лақтырып жібердім", - дейді Галина Ивановна.
Ол да кейін қызына хабарласып, жол апаты болмағанын білген.