https://sputnik.kz/20230607/otyz-adamnyn-olimine-akep-soqqan-tanymal-susyndy-satuga-tyyym-salyndy-35706640.html
Отыз адамның өліміне әкеп соққан танымал сусынды сатуға тыйым салынды
Отыз адамның өліміне әкеп соққан танымал сусынды сатуға тыйым салынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Ресейде адам өлімінен кейін Қазақстанда сидр алкогольдік сусынын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық... 07.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-07T15:31+0500
2023-06-07T15:31+0500
2023-06-07T15:31+0500
адам
сусын
қазақстан
денсаулық
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_0:0:2000:1125_1920x0_80_0_0_a27321b277a8180112e9b41dd89de3cf.jpg
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Ресейде адам өлімінен кейін Қазақстанда сидр алкогольдік сусынын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті. Көрші елде 31 адам "АНДИ" жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы (РФ, Самара ) өндірген "Мистер Сидр" сусынынан уланып өлді. "Осыған байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар етуге тапсырма берді. Мән-жайы анықталғанға дейін өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігі туралы аумақтық департаменттерге ескертті", - делінген ресми хабарламада. Комитет осы өнімді пайдаланудан бас тартуға кеңес берді. Ал бір жерде сатылса, сауда орнының орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабар беру керек. Айта кетері, бұған дейін Ресейдің бірнеше облысында сидрдан уланған адамдар туралы ақпарат тарады. Ульянов облысында 20 адам қайтыс болса, Самара облысында – 9 адам, Нижегород облысында – 2 адам, ал Удмуртияда бір адам қайтыс болды. Ауруханаға түскендер де аз емес.
https://sputnik.kz/20230530/almatyda-energetik-ishken-adam-zhansaqtau-bolimine-tusti-35442908.html
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1274/80/12748017_160:0:1937:1333_1920x0_80_0_0_19f685fa10a276302e57f1e4e9744ffd.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
адам, сусын, қазақстан
Отыз адамның өліміне әкеп соққан танымал сусынды сатуға тыйым салынды
АСТАНА, 7 маусым – Sputnik. Ресейде адам өлімінен кейін Қазақстанда сидр алкогольдік сусынын сатуға тыйым салынды, деп хабарлайды санитарлық-эпидемиологиялық бақылау
комитеті.
Көрші елде 31 адам "АНДИ" жауапкершілігі шектеулі қоғамдастығы (РФ, Самара ) өндірген "Мистер Сидр" сусынынан уланып өлді.
"Осыған байланысты Қазақстанның денсаулық сақтау министрлігінің санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті алкоголь өнімін импорттаушылар мен өткізушілерді хабардар етуге тапсырма берді. Мән-жайы анықталғанға дейін өнімді сатылымнан уақытша алып тастау қажеттігі туралы аумақтық департаменттерге ескертті", - делінген ресми хабарламада.
Комитет осы өнімді пайдаланудан бас тартуға кеңес берді. Ал бір жерде сатылса, сауда орнының орналасқан жері бойынша аумақтық бөлімшелерге дереу хабар беру керек.
Айта кетері, бұған дейін Ресейдің бірнеше облысында сидрдан уланған адамдар туралы ақпарат тарады. Ульянов облысында 20 адам қайтыс болса, Самара облысында – 9 адам, Нижегород облысында – 2 адам, ал Удмуртияда бір адам қайтыс болды. Ауруханаға түскендер де аз емес.