Иран жылдамдығы жоғары баллистикалық зымыранды таныстырды

© AP Photo / Hossein ZohrevandИранская гиперзвуковая ракета "Фаттах"
Иранская гиперзвуковая ракета Фаттах - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.06.2023
Жазылу
Иран гипердыбыстық зымырандарға ие әлемдегі төртінші мемлекет мәртебесін ресми түрде растады. Ол ұзақ мерзімді санкциялардың мағынасыздығын дәлелдеп, ұжымдық Батыс елдерінің ешқайсысы гипердыбысты қару-жарақ клубына мүшесі емес екенін еске салды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
6 маусымда Тегеран 1400 километрге дейін ұшу мүмкіндігі бар "Фаттах" (парсы тілінен аударғанда "Жеңіс" деген мағынаны білдіреді) гипердыбысты баллистикалық зымыранын ресми түрде таныстырды. Ислам революциясы Сақшылар корпусының Аэроғарыш күштері 29 мамырда сынақтарды сәтті аяқтады. Бірінші ирандық гипердыбысты зымыранды дайындау туралы ақпарат 2022 жылдың қарашасында пайда болды. Сол кезде Пентагон бұл ақпаратқа сене алмады.
"Кеше IRNA таратқан видео 44 жылдан астам уақыт бойы Батыстың экономикалық санкцияларының қысымында болған елдің технологиялық көшбасшылығы мен ұлттық егемендігін сенімді растайды. Иран гипердыбыстық клубтың Ресей, Қытай, Солтүстік Кореядан кейінгі төртінші мүшесі болды. Бұл факт басқа континенттерде Тегеранға геосаяси басымдықты арттырып тұр", - деп жазды Хроленко.
Иранның Азия аймағындағы қорғаныс әлеуеті агрессорлардың "сазайын тартқызуға" қауқарлы екенін бұған дейін де көрсеткен. Америкалық Patriot зениттік зымыран кешені негізіндегі Иран шекараларына жақын жерде орналасқан әуе шабуылына және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелерінің позициялары 5 Махқа дейінгі жылдамдықпен нысаналарды тежеуге арналған. 15 Мах (17 мың км/сағ астам) жылдамдықпен ұшу кезінде маневр жасайтын "Фаттах" зымыранының қашықтығы 1 400 шақырымды құрайды. Бұл Ислам революциясы сақшыларының корпусына бүкіл Израиль, Түркия, Әзербайжан, Ауғанстан, Пәкістан, БАӘ, Сауд Арабиясы және басқа да бірқатар елдердегі зымыранға қарсы жүйелер мен басқа да маңызды әскери нысандарды небәрі 6 минутта сенімді түрде қиратуға мүмкіндік береді.
Әрине, Тегеранның басты мақсаты аймақтық бейбітшілік пен тұрақтылық болып қала береді. Иран президенті аятолла Сейеда Эбрахим Раиси ұлттық басымдықтарға тоқталып, былай деді: "Біз біз зымыранды дұшпандардың шабуылына ұшырамас үшін, дұшпандардың басқыншылық ойларына жол бермейтін күшке ие болу үшін дайындадық".
Екінші дәрежедегі қатты отынды қозғалтқышының арқасында жоғары дәлдіктегі "Фаттах" зымыраны ықтимал қарсы тараптың әуе мен зымыранға қарсы қорғанысының позициялық аймақтарын еңсеру үшін атмосферада және одан тыс жерде 15 Мах жылдамдықта маневр жасай алады. Корпус құрылымында радиолокациялық толқындарды "жұтып қоятын" және зымыран қозғалтқышының инфрақызыл сәулеленуін азайтатын көміртекті талшықтарды қолдану арқылы зымыранның тактикалық мүмкіндіктері артты.
"Иран мамандары қарапайым нысандарды жою үшін "Фаттахты" пайдаланудың қажеті жоқ деп санайды. Себебі гипердыбыстық зымырандар қорғаныс және басқару жүйелерін бейтараптандыру және жоюға арналған. Ал қалғанын қарапайым баллистикалық зымырандар мен соққы жасаушы пилотсыз ұшатын аппараттар орындай алады. Иранның қорғаныс өнеркәсібінің өкілдері зымыран қаруларының үздіксіз технологиялық дамуы мен модернизациясын атап өтті", - деп жазды сарапшы.
Гипердыбыстық "Фаттах" Иран Ислам Республикасының соңғы айларда таныстырған екінші жаңа зымыраны. Бұған дейін 2000 километрге дейін ұшатын және оқтұмсықтың салмағы 1500 килограмм болатын орта қашықтықтағы Khorramshahr-4 баллистикалық зымыраны сынақтан сәтті өткен болатын. Khorramshahr-4 зымыранында сұйық зымыран отынының "ампулаландырылған" сақтау әдісін пайдалану техниканы мүмкіндігінше жылдам іске қосуға мүмкіндік береді.
Ұрыс даласында "ақылды" (ұшқышсыз) қару-жарақ жүйелерінің қажеттілігі артып жатқандықтан, Иран соққы жасаушы дрондар мен зымырандарды әзірлеу мен өндіруге баса назар аударды. Сонымен қатар қуатты зымырандар төртінші және бесінші буындағы жойғыш ұшақтарға қарағанда айтарлықтай арзан.
Иранның "Фатех-110" (Fatih-110) – 500 километрге дейін, "Зольфагар" (Zulfiqar) – 700 километрге дейін, "Дизфуль" (Dezful) - 1000 километрге дейін, "Хорремшехр" - 2000 километрге дейін ұшатын Иранда жасалған зымырандарға түрлі елдердің зымыран өнеркәсібіндегі мамандар қызығып отыр. Қашықтығы 8000 километрге дейін, жауынгерлік жүктемесі 750 килограмм көзге түспейтін "Киям-1" (Qiam-1) ирандық зымыран да айрықша техника болып отыр. "Киям-1" ақылды көздеу жүйесінің әлемде баламасы жоқ. Іске қосу қондырғысы шахталық, мобильді болуы, сонымен қатар кемелер мен суасты қайықтарында орналастырылуы мүмкін.
Жалпы америкалықтар Иран Әскери-теңіз күштерінің С-601, С-701, С-704, С-802, Nasr-1 және Noor, сондай-ақ қашықтығы 20-дан 300 километрге дейінгі Khalij Fars кемеге қарсы зымырандарының жоғары тиімділігін 10 жыл бұрын мойындады. Иран зымырандарының қашықтығы, дәлдігі мен қуаты үнемі өсіп келеді. Шындығында мұндай қаруларға тап болған Вашингтон Тегеранмен қақтығыста "кері шегінгені" байқалады.
Иран әскери күшінің Азиядағы әскери-саяси жағдайға әсері сөзсіз тиімді және тұрақты болады. Әділ бағалау үшін Иран экономикасының Ресей мен Қытайға арқа сүйейтінін есте ұстаған жөн. Ресей Федерациясы мен Қытайға қарсы жүйелі түрде енгізілген санкциялардан өзара тәуелділік тек өседі. Иранның 42 елден студенттерді тартатын тамаша білім беру жүйесі және дамыған IT сектор бар. Қатты ғылыми-өнеркәсіптік база гипердыбыстық жарыста табысқа жетудің негізі болып табылады.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0