https://sputnik.kz/20230606/qazaqstandyq-oqushylar-qyrymga-ketken-ministr-qanday-ozgeris-engiziletinin-aytty-35665157.html
Қазақстандық оқушылар Қырымға кеткен: министр қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Қазақстандық оқушылар Қырымға кеткен: министр қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Sputnik Қазақстан
Қазір оқушылар елге оралды, ата-аналарының қасында 06.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-06T13:02+0500
2023-06-06T13:02+0500
2023-06-06T13:02+0500
қырым
балалар
https://sputnik.kz/img/86/37/863715_0:187:2980:1863_1920x0_80_0_0_0ae1d1cfe885623c73d32fbe6ff14b66.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Енді қазақстандық оқушыларды шетелге жіберу үшін оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармасының тиісті рұқсаты қажет болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Үкімет кулуарында журналистер министрден Қырымдағы "Артек" лагеріне кеткен оқушылар туралы сұрады.Министр оқушыларды Қырымға әкеткен мұғалімге қатысты тиісті шара қолданылғанын атап өтті.Бұған дейін Россотрудинство бағдарламасы бойынша қазақстандық оқушылар Қырымдағы "Артек" лагеріне кеткені хабарланған болатын. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар білім беру ұйымымен байланыспай, балаларын өз бетінше жібергенін растады.
қырым
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/86/37/863715_125:0:2856:2048_1920x0_80_0_0_c388d1f6248437ecd1c540e95db57444.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қырым, балалар
Қазақстандық оқушылар Қырымға кеткен: министр қандай өзгеріс енгізілетінін айтты
Қазір оқушылар елге оралды, ата-аналарының қасында
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Енді қазақстандық оқушыларды шетелге жіберу үшін оқу-ағарту министрлігі мен білім басқармасының тиісті рұқсаты қажет болады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет кулуарында журналистер министрден Қырымдағы "Артек" лагеріне кеткен оқушылар туралы сұрады.
"Балалардың бәрі аман-есен оралды, әке-шешесінің қасында. Бұл жерде бір нәрсені дұрыстап түсінуіміз керек. Бұл ата-аналардың еркімен жасалған дүние. Біз енді әрі қарай бұған жол бермеу үшін білім басқармасының бұйрығынсыз және министрлікке қарасты балалар құқығын қорғау комитетінің рұқсатынсыз балаларды шетелге жібермеу мәселесін қолға алып жатырмыз", - деді Бейсембаев.
Министр оқушыларды Қырымға әкеткен мұғалімге қатысты тиісті шара қолданылғанын атап өтті.
Бұған дейін Россотрудинство бағдарламасы бойынша қазақстандық оқушылар Қырымдағы "Артек" лагеріне кеткені хабарланған болатын. Оқу-ағарту министрлігі ата-аналар білім беру ұйымымен байланыспай, балаларын өз бетінше жібергенін растады.