Қазақстан Қытайға бидай жеткізе бастады – премьер

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуУрожай зерна
Урожай зерна - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Қазақстанның бидайы көрші Қытайға да экспорттала бастады. Бұл туралы премьер-министр Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазақстанның өз астығы өзіне толық жетеді. Қалған ауқымды бөлігін экспортқа да шығарады. Биыл Қазақстан бидайы Қытай Халық Республикасына жеткізіле бастады. Мысалы, ауа райы қолайсыз болып, астық шықпай қалған күннің өзінде біздегі ішкі қажеттілік ең аз жиналатын көлемінен 2 есе төмен екенін айта кету керек", - деді Смайылов үкімет отырысында.
Яғни, астықтың көлемі елдегі ішкі сұраныс пен азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге толық мүмкіндік береді.
Премьер егіс жұмыстарының қарқыны жақсы екенін атап өтті.
Сондай-ақ ол ауыл шаруашылығы министрлігіне өңір әкімдіктерімен бірлесіп, фермерлердің агротехнологиялық талаптарды сақтауын қамтамасыз етуді; облыс әкімдеріне егіс алқаптарын арамшөптер мен зиянкестерге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын бақылауға алуды, сонымен қатар, өсімдіктерді қорғау жөніндегі іс-шаралар тізбесі мен субсидиялау нормативтерін бекітуді тапсырды.
Бұдан бөлек, әкімдіктер "Қазақстан Ғарыш Сапары" компаниясымен бірлесіп, жыл соңына дейін алқаптарды цифрландыру бойынша қажетті шараларды қабылдауы қажет.
Жаңалықтар
0