https://sputnik.kz/20230606/biyl-astyq-tusimi-zhaman-bolmaydy--auyl-sharuashylygy-ministri-35659244.html
Биыл астық түсімі жаман болмайды – ауыл шаруашылығы министрі
Биыл астық түсімі жаман болмайды – ауыл шаруашылығы министрі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жаман болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 06.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-06T10:00+0500
2023-06-06T10:00+0500
2023-06-06T10:00+0500
ауыл шаруашылығы
астық
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064736_0:96:2735:1634_1920x0_80_0_0_32acfc0a7a2dd77821745daa904bfcaa.jpg
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жаман болмайтынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі."Егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек. Қазір алдын ала факторларды ескерсек, астық орташа жылдық көлем деңгейінде болжанып отыр. Бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн тонна деңгейінде болжануда. Астық жаман болмайды", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.Айтуынша, шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытындағы жұмыстар да мерзімінде аяқталды.Қазгидрометтің ақпаратынша, маусым айында жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив деңгейінде болжанып отыр. Шілде-тамыз айларында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шашынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр.Министр биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрағанын атап өтті. Бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар.Қазіргі уақытта егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына қажеттілік қалыптастырылуда. Дизель отынының қажетті көлемін қалыптастыру және сату алғаш рет субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль базасында электрондық нысанда жүзеге асырылады. Аталған жүйе арқылы 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген, деп толықтырды Қарашөкеев.
https://sputnik.kz/20220908/astyq-alqabyn-ortemek-bolgan-zhelide-taragan-video-reseyde-tusirilgen-bolyp-shyqty-27409870.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/07/18064736_334:0:2513:1634_1920x0_80_0_0_edc7d8026c7141b4f5ca8a1d9cdb05c2.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, астық
Биыл астық түсімі жаман болмайды – ауыл шаруашылығы министрі
АСТАНА, 6 маусым – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл астық түсімі жаман болмайтынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Егіннің азды-көпті дәл болжамын жасау үшін өскіннің шығу мерзімін күту керек. Қазір алдын ала факторларды ескерсек, астық орташа жылдық көлем деңгейінде болжанып отыр. Бидайды алатын болсақ, жалпы жинау 16 млн тонна деңгейінде болжануда. Астық жаман болмайды", - деді Қарашөкеев үкімет отырысында.
Айтуынша, шаруалар егіс егуді қатаң, оңтайлы мерзімде аяқтап жатыр. Топырақта жиналған ылғалды сақтау бағытындағы жұмыстар да мерзімінде аяқталды.
Қазгидрометтің ақпаратынша, маусым айында жауын-шашынның мөлшері республиканың басым бөлігінде орташа жылдық норматив деңгейінде болжанып отыр. Шілде-тамыз айларында еліміздің батыс және оңтүстік өңірлерінде нормадан сәл аз болады. Басқа өңірлерде жауын-шашынның болжамы нормаға сәйкес болып отыр.
Министр биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрағанын атап өтті. Бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар.
"Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселені үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр", - деді ведомство басшысы.
Қазіргі уақытта егін жинау науқанын жүргізуге арзандатылған дизель отынына қажеттілік қалыптастырылуда. Дизель отынының қажетті көлемін қалыптастыру және сату алғаш рет субсидиялаудың мемлекеттік ақпараттық жүйесіндегі модуль базасында электрондық нысанда жүзеге асырылады. Аталған жүйе арқылы 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген, деп толықтырды Қарашөкеев.