Атырау облысында қайтыс болғандардың атына ақша аударылған

© Photo : Pixabay / Shutterbug75Калькулятор, расчеты
Калькулятор, расчеты - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 6 маусым – Sputnik. Атырау облысында мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған, деп хапбарлайды облыстық прокуратура.
Прокурорлар мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын бұзылған 100-ден астам фактіні анықтады.
"Атап айтқанда, прокурорлық қадағалау шараларымен Атырау қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізіліп, мүгедек балаларды үйде оқытқаны үшін төлем 2,4 АЕК-тен 5 АЕК-ке дейін көтерілді. Мүгедектігі бар үш адамның жұмыс уақытының ұзақтығы қысқартылды, оларға қосымша демалыс күндері қамтамасыз етілді", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ жеке көмекшілердің қызметіне тиісті бақылау жүргізілмеген.
"Жеке көмекшілердің 69-ы басқа ұйымдарда жұмыс істеген және қайтыс болған 30 тұлғаға бюджет қаражаты заңсыз аударылған. Бұнымен қоса мүгедектердің қолжетімділігі бойынша талаптарға сәйкес келмейтін әлеуметтік объектілер анықталды", - дейді ведомстводағылар.
Анықталған заң бұзушылықтар жойылып, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапқа тартылды.
Жаңалықтар
0