https://sputnik.kz/20230606/aao-nemis-tankteri-tagy-ortenip-zhatyr-35872307.html
АӘО: неміс танктері тағы өртеніп жатыр
АӘО: неміс танктері тағы өртеніп жатыр
Sputnik Қазақстан
Украинаның "қарсы шабуылы" жоспарға сай өрбімей жатыр – ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің сапындағы адам күші мен броньдалған техниканы жойып, шабуылдау... 06.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-06T22:53+0500
2023-06-06T22:53+0500
2023-06-12T14:53+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
ресей
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35692241_0:0:3070:1728_1920x0_80_0_0_ddf5030283cde168c6136062b872228e.jpg
Украинаның "қарсы шабуылы" жоспарға сай өрбімей жатыр – ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің сапындағы адам күші мен броньдалған техниканы жойып, шабуылдау бөлімшелерін де талқандап жатыр, деп жазды Хроленко.Ресей Қарулы күштері 5 маусымда бір ғана Оңтүстік-Донецк бағытында 1500-ден астам украин жауынгерін талқандап, 28 танкті, оның ішінде Германияда жасалған сегіз "Леопардты", сондай-ақ Францияда жасалған үш AMX-10 дөңгелекті броньдалған машинасын және америкалық "Bradley" жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналары және басқа 109 жауынгерлік броньдалған машинаны қиратты. Украина Қарулы күштерінің батыс жеткізген броньдалған машиналарының едәуір бөлігі Ресей әскери-ғарыш күштерінің шабуылдау және армия авиациясының күштерімен жойылды. "Леопардтардың" біріне ресейлік "Ланцет" камикадзе дронымен жойылды.Ресей Федерациясы күштерінің біріккен тобының қолбасшысы Сергей Суровикин 6 маусым күні таңертең қорғаныс министрі Сергей Шойгуға ресейлік бөлімшелер Времев шебіндегі украин әскерін ығыстырып, оның қорғанысының тереңдік шебінде басымдыққа ие болғанын хабарлады. Донецк Халық Республикасы мен Запорожье облысының түйіскен жерінде 4-5 маусымда Украина Қарулы күштерінің негізгі күштері Азов теңізіндегі шайқас үшін шоғырланды."Украин әскері бес бригаданың күшімен шабуыл жасауға тырысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Украина Қарулы күштерінің 33-ші механикаландырылған бригадасының құрамындағы неміс "Leopard" танктері өртенді", - деп жазды Хроленко.6 наурызға қараған түні Ресей Қарулы күштері Киевте, Житомирде, Павлоградта және басқа да аумақтардағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына, арсеналдарға, қарсы тараптың жеке құрамы мен шетелден жеткізілген әскери техникасының орналасу пункттеріне зымыранмен шабуылдар жасады. Ресей әскері Авдеевка және Марьинка учаскелерінде сәтті әрекет етіп, Харьков облысындағы Купянск қаласына жақындады. Херсон облысына украин әскерін түсіру әрекетінің жолы кесілді.Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Украина әскери барлау қызметі радиоактивті "бомбаларды" қолдануды жоспарлаған Иваново облысындағы Северный аэродромында лаңкестік әрекеттің алдын алғанын хабарлады. Донбастағы ресейлік әскердің күштері мен құралдарының назарын бұру үшін Белгород бағытында поляк-украин диверсиялық топтарының майдан шебін бұзып өтудің әрекеттері жалғасып жатыр. 6 маусымға қараған түні Украина Қарулы күштері Херсон облысындағы Каховка бөгетін HIMARS соққыларымен қиратты. Соның салдарынан ағыстың төменгі жағындағы бірнеше елді мекен су басқан аймақта қалып қойды.Хроленконың пікірінше, Киев режиміне шетелдік қаржыландыруды жалғастыру үшін жаһандық ауқымдағы апат қажет. Дегенмен жоғарыда аталған жағдайда жағалаудағы елді мекендерді су басу деңгейі қауіпті емес, тұрғындар 72 сағатта үйлеріне орала алады. "Росатом" Каховка су қоймасы бөгетінің бұзылуы Запорожье атом станциясының жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді. Себебі реакторларды салқындату үшін су қоймасы және балама су көздерінен толтырылатын арнайы бассейн бар.Екі күн ішінде Украина Қарулы күштері 2 мыңнан астам сарбазы мен офицерін, Батыстың ондаған броньдалған техникасын жоғалтты. Грекияның DefenseNet басылымы украиналық шабуылдың сәтсіз болатынын болжап, "Бригадалар металл үйінділеріне айналып жатыр" деп жазды.Кремльдің Украина тарапының қасақана әрекеті туралы мәлімдемесі болмаса да, Батыс Каховка су электр станциясының бөгетін бұзу Киев үшін ғана тиімді екенін түсініп отыр: "Украиналықтардың майдандағы жағдайы жақсы емес. Ресейліктер үшін бөгетті бұзудан ешқандай пайда жоқ. Өйткені бөгеттің бұзылуы Қырымды бірнеше жылға қуатты су көзінсіз қалдыруы мүмкін. Украиналықтар үшін бұл жарылыс алдағы уақытта әскердің алға жылжуына ықпал етуі мүмкін". Бұлай деп жазуға украиналық дереккөздер Каховка су қоймасы тайызданғаннан кейін Украина Қарулы күштерінің Запорожье атом электр станциясынан Каховка су электр станциясына дейінгі учаскеде ықтимал шабуылы туралы меңзеуі себеп.АҚШ президенттігіне сайлауға түсіп жатқан төрт негізгі үміткердің үшеуі Американың Украинадағы қақтығысқа араласуына қарсы. The Hill басылымы былай деп жазды: "АҚШ-тағы ресми тұлғалар Украинаның майдан шебін бұзып өтіп, қақтығыста табысқа жетуі үшін қажеттінің бәрі қолында бар екенін айтады, бірақ олар өз үміттерін басып тастаған секілді". Альянс Украина Қарулы күштерінің 12 жаңа бригадасын даярлауға көмектескеніне қарамастан, Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО тактикасының артықшылыққа ие екенін тым сенімді емес және Украинадағы қақтығыстың белгісіздігі туралы айтты. АҚШ армиясы штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли де Украина Қарулы күштерінің "қарсы шабуылының" сәтті болатынына сенімсіз.Бұған дейін The Guardian басылымы Украина Қарулы күштерінің 3-ші шабуылдаушы бригадасы Ұлыбританияда оқу-жаттығудан өткеніне қарамастан, қарсы шабуылға дайын болмағанын жазды. Сондықтан украиналық қолбасшылық жауынгерлерді қайта даярлауды ұйымдастыруы керек.Америкалық басылым The New York Times Украинаны нацистік Германиямен салыстырып, көптеген ортақ белгі таба бастағаны байқалады. Дания премьер-министрі Метте Фредериксен 5 маусымда АҚШ президенті Джо Байденмен кездескеннен кейін НАТО-ға Украина бойынша бейбіт келіссөздерге дайын екені туралы Ресейден сигнал керек деді. Бірақ Ресейге Батыстың шарттарын басшылыққа алатын келіссөз қажет емес болғандықтан, арнайы әскери операцияның бастапқы мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қала береді.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
ресей
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/07/35692241_193:0:2924:2048_1920x0_80_0_0_52812a60609a4d71e3fc574f328f268f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ресей
Украинаның "қарсы шабуылы" жоспарға сай өрбімей жатыр – ресейлік әскер Украина Қарулы күштерінің сапындағы адам күші мен броньдалған техниканы жойып, шабуылдау бөлімшелерін де талқандап жатыр, деп жазды Хроленко.
Ресей Қарулы күштері 5 маусымда бір ғана Оңтүстік-Донецк бағытында 1500-ден астам украин жауынгерін талқандап, 28 танкті, оның ішінде Германияда жасалған сегіз "Леопардты", сондай-ақ Францияда жасалған үш AMX-10 дөңгелекті броньдалған машинасын және америкалық "Bradley" жаяу әскерге арналған жауынгерлік машиналары және басқа 109 жауынгерлік броньдалған машинаны қиратты. Украина Қарулы күштерінің батыс жеткізген броньдалған машиналарының едәуір бөлігі Ресей әскери-ғарыш күштерінің шабуылдау және армия авиациясының күштерімен жойылды. "Леопардтардың" біріне ресейлік "Ланцет" камикадзе дронымен жойылды.
Ресей Федерациясы күштерінің біріккен тобының қолбасшысы Сергей Суровикин 6 маусым күні таңертең қорғаныс министрі Сергей Шойгуға ресейлік бөлімшелер Времев шебіндегі украин әскерін ығыстырып, оның қорғанысының тереңдік шебінде басымдыққа ие болғанын хабарлады. Донецк Халық Республикасы мен Запорожье облысының түйіскен жерінде 4-5 маусымда Украина Қарулы күштерінің негізгі күштері Азов теңізіндегі шайқас үшін шоғырланды.
"Украин әскері бес бригаданың күшімен шабуыл жасауға тырысты. Алдын ала мәлімет бойынша, Украина Қарулы күштерінің 33-ші механикаландырылған бригадасының құрамындағы неміс "Leopard" танктері өртенді", - деп жазды Хроленко.
6 наурызға қараған түні Ресей Қарулы күштері Киевте, Житомирде, Павлоградта және басқа да аумақтардағы әуе шабуылына қарсы қорғаныс нысандарына, арсеналдарға, қарсы тараптың жеке құрамы мен шетелден жеткізілген әскери техникасының орналасу пункттеріне зымыранмен шабуылдар жасады. Ресей әскері Авдеевка және Марьинка учаскелерінде сәтті әрекет етіп, Харьков облысындағы Купянск қаласына жақындады. Херсон облысына украин әскерін түсіру әрекетінің жолы кесілді.
Ресей Федералды қауіпсіздік қызметі Украина әскери барлау қызметі радиоактивті "бомбаларды" қолдануды жоспарлаған Иваново облысындағы Северный аэродромында лаңкестік әрекеттің алдын алғанын хабарлады. Донбастағы ресейлік әскердің күштері мен құралдарының назарын бұру үшін Белгород бағытында поляк-украин диверсиялық топтарының майдан шебін бұзып өтудің әрекеттері жалғасып жатыр. 6 маусымға қараған түні Украина Қарулы күштері Херсон облысындағы Каховка бөгетін HIMARS соққыларымен қиратты. Соның салдарынан ағыстың төменгі жағындағы бірнеше елді мекен су басқан аймақта қалып қойды.
Хроленконың пікірінше, Киев режиміне шетелдік қаржыландыруды жалғастыру үшін жаһандық ауқымдағы апат қажет. Дегенмен жоғарыда аталған жағдайда жағалаудағы елді мекендерді су басу деңгейі қауіпті емес, тұрғындар 72 сағатта үйлеріне орала алады. "Росатом" Каховка су қоймасы бөгетінің бұзылуы Запорожье атом станциясының жұмысына әсер етпейтінін мәлімдеді. Себебі реакторларды салқындату үшін су қоймасы және балама су көздерінен толтырылатын арнайы бассейн бар.
Екі күн ішінде Украина Қарулы күштері 2 мыңнан астам сарбазы мен офицерін, Батыстың ондаған броньдалған техникасын жоғалтты. Грекияның DefenseNet басылымы украиналық шабуылдың сәтсіз болатынын болжап, "Бригадалар металл үйінділеріне айналып жатыр" деп жазды.
Кремльдің Украина тарапының қасақана әрекеті туралы мәлімдемесі болмаса да, Батыс Каховка су электр станциясының бөгетін бұзу Киев үшін ғана тиімді екенін түсініп отыр: "Украиналықтардың майдандағы жағдайы жақсы емес. Ресейліктер үшін бөгетті бұзудан ешқандай пайда жоқ. Өйткені бөгеттің бұзылуы Қырымды бірнеше жылға қуатты су көзінсіз қалдыруы мүмкін. Украиналықтар үшін бұл жарылыс алдағы уақытта әскердің алға жылжуына ықпал етуі мүмкін". Бұлай деп жазуға украиналық дереккөздер Каховка су қоймасы тайызданғаннан кейін Украина Қарулы күштерінің Запорожье атом электр станциясынан Каховка су электр станциясына дейінгі учаскеде ықтимал шабуылы туралы меңзеуі себеп.
АҚШ президенттігіне сайлауға түсіп жатқан төрт негізгі үміткердің үшеуі Американың Украинадағы қақтығысқа араласуына қарсы. The Hill басылымы былай деп жазды: "АҚШ-тағы ресми тұлғалар Украинаның майдан шебін бұзып өтіп, қақтығыста табысқа жетуі үшін қажеттінің бәрі қолында бар екенін айтады, бірақ олар өз үміттерін басып тастаған секілді". Альянс Украина Қарулы күштерінің 12 жаңа бригадасын даярлауға көмектескеніне қарамастан, Пентагон басшысы Ллойд Остин НАТО тактикасының артықшылыққа ие екенін тым сенімді емес және Украинадағы қақтығыстың белгісіздігі туралы айтты. АҚШ армиясы штаб басшыларының біріккен комитетінің төрағасы Марк Милли де Украина Қарулы күштерінің "қарсы шабуылының" сәтті болатынына сенімсіз.
Бұған дейін The Guardian басылымы Украина Қарулы күштерінің 3-ші шабуылдаушы бригадасы Ұлыбританияда оқу-жаттығудан өткеніне қарамастан, қарсы шабуылға дайын болмағанын жазды. Сондықтан украиналық қолбасшылық жауынгерлерді қайта даярлауды ұйымдастыруы керек.
Америкалық басылым The New York Times Украинаны нацистік Германиямен салыстырып, көптеген ортақ белгі таба бастағаны байқалады. Дания премьер-министрі Метте Фредериксен 5 маусымда АҚШ президенті Джо Байденмен кездескеннен кейін НАТО-ға Украина бойынша бейбіт келіссөздерге дайын екені туралы Ресейден сигнал керек деді. Бірақ Ресейге Батыстың шарттарын басшылыққа алатын келіссөз қажет емес болғандықтан, арнайы әскери операцияның бастапқы мақсаттары мен міндеттері өзгеріссіз қала береді.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.