Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

УҚК НАТО стандарты бойынша қарсы шабуыл жасау кезінде қиындықтарға тап болды

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуРабота расчёта БЛА Орлан-30 по разведке и обнаружению противника
Работа расчёта БЛА Орлан-30 по разведке и обнаружению противника  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
Ресей әскерлерінің арнайы әскери операция аймағында топтастырылуы майдан шебінде және қарсы тараптың жедел тылында әлі де Украина Қарулы күштерінің позицияларын, нысандарын, резервтері мен ресурстарын тиімді түрде жойып жатыр, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Украина армиясы бірнеше бағытта алға ұмтылып, қарсы соққылар беруге тырысқанымен, үлкен шығынға ұшырап жатыр.
Ресей әскерлері 4 маусымда Оңтүстік-Донецк бағытында майданның бес учаскесінде сегіз батальон әскері (4 000 адам және бірнеше ондаған танк) ұйымдастырған Украина Қарулы күштерінің шабуылына тойтарыс берді. Украиналықтар бірде-бір секторды бұзып өту бойынша негізгі тапсырманы орындай алмады. Операция барысында 250-ден астам жауынгерін, 16 танкін, үш жаяу әскерге арналған машинасын, 21 дана броньдалған жауынгерлік машинасын жоғалтты.
Украина әскерлерінің 1000 шақырымдық майдан шебінің басқа секторларындағы соғысу белсенділігі артиллериялық қарумен жаншылды. Краснолиманск бағытында Ресей Қарулы күштерінің артиллериясы мен авиациясы Украина Қарулы күштерінің екі механикаландырылған бригадасының (63-ші және 67-ші) және Ұлттық ұланның бір (5-ші) бригадасының бөлімшелерінен қиратты.
"Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский көптеген жауынгернен айырылса да, қарсы шабуылға дайын екенін мәлімдеген. Бірақ НАТО стратегтері бір бағыттағы украин әскерлерінің белсенділігін "қарсы шабуыл" ретінде сипаттап отыр. 72-96 сағат ішінде жүргізілген операциялардың бірнеше толқынында шабуылдаушы әскери эшелон толығымен жұтап немесе қиратылып жатыр. Пентагон Украина Қарулы күштері американдық танктер мен F-16 ұшақтары болмаса да, Ресей қорғанысын бұза алады деп үміттенеді", - деп жазды Хроленко.
Украинадағы әскери іс-қимылдар театрындағы жағдай мұндай бағалаулар мен жоспарларға сәйкес келмей тұр. Анығында Батыс пен америкашыл Шығыста Киев режиміне арналған қару-жарақ пен оқ-дәрілер таусылып барады. Бұл жақын уақытта шешілмейтін күрделі мәселеге айналды.
Ресей Қарулы Күштері Славянск-Краматорск агломерациясы мен Днепропетровсктегі Украина Қарулы күштерінің бөлімшелеріне қарсы соққыны күшейтіп жатыр. Біріккен соққылар арқылы қарсы тапатың Киев, Харьков, Кировоград және Сумы облыстарындағы әскери нысандары тиімді түрде жойылды. Марьинкада Ресейдің шабуылдаушы жасақтары сәтті алға ілгерілеп, қала аумағының 70 проценттен астамын азат етті. Украина Қарулы күштерінің "кең ауқымды қарсы шабуылы" басталғанға дейін америкалықтар Ресейдің ТОС-1 "Солнцепек" ауыр оқ ату жүйелерінің украин армиясын қирату жылдамдығына таңғалған болатын.
Ресейлік қорғаныс өнеркәсібінің жоғары тиімділігі де Батысты алаңдатып отыр. Себебі 2023 жылдың бес айында 600-ден астам жаңа Т-90М танкі шығарылды. Бұл алты айда 60 дана ескі неміс "Леопардтарын" алған Украина Қарулы күштерінің қауқарымен салыстыруға келмейді.
АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джейк Салливан CNN телеарнасына берген сұхбатында Украина Қарулы күшетірінің қарсы шабуылы Киевке қазір Ресей бақылауындағы "стратегиялық маңызды аумақты" басып алуға көмектесетінін айтты.
Сонымен қатар Республикалық партиядан АҚШ президенттігіне кандидат, БҰҰ-ның бұрынғы елшісі Никки Хейли "Украина Мәскеуге қарсы соғыстан бас тартса", дүниежүзілік соғыс басталуының ықтималдығы жоғары екенін айтып, одақтастарды Украинаға әскери техника жеткізуді жалғастыруға шақырды. Хейли тіпті Ресей Польша мен Балтық елдеріне көз тігіп отыр деген жалған мәлімдеме де жасады. Бұл Вашингтондағылардың мазасыздану деңгейін көрсетеді, дейді әскери сарапшы.
Батыста украин жеріндегі әскери іс-қимылдар театрында жаһандық жеңіліске ұшыраудан қауіптеніп отыр. Сондықтан Солтүстік Атлантикалық альянс Украинаны мүшелікке қабылдаудан және Ресеймен тікелей әскери қақтығыстан жасырын және ашық түрде алшақтауға тырысып жатыр. Шілде айында Вильнюсте өтетін НАТО саммиті Киев үшін жақсы нәтиже беруі екіталай. Неміс саясаттанушысы Вольф Меркель қазір Ресейдің бұрынғыдан да күшті екенін атап өтіп, Украина Қарулы күштерінің жауынгерлері Батыстың қаруынан бұрын таусылатынын болжады.
Британиялық The Times газеті Украина Қарулы күштерінен Батыс күтіп отырған қарсы шабуылы "болжауға болмайтын соғыс" және "белгісіздіктерге толы" екенін жазды. Әсіресе украиналықтардың Белгород облысына басып кіру әрекеттеріне жалдамалы поляк жауынгерлерін тарту, осы рейдтерде америкалық әскери техника мен бельгиялық қаруды қолдануы ауқымды қақтығысқа әкелуі ықтимал.
Хроленконың пікірінше, АҚШ мен НАТО үшін Украина жарияланған "қарсы шабуыл" қақтығыстың қорытындысы болмайтынын және ресейлік арнайы операцияны тоқтатпайтын мойындау қиын болып отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0