Инфографика

Қазақстанға қандай азық-түлік өнімдері импортталады

Жазылу
Республикаға қандай азық-түлік және қанша көлемде импортталатынын Sputnik инфографикасынан көріңіз.
Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, республика ет, май, жарма және макарон өнімдерін, көкөністер мен сүт өнімдерін импорттайды. Ең көп импортталатын өнімдердің бестігіне тауық еті, ірімшік пен сүзбе, қант, тұз және сары май кірді.
2023 жылдың мамыр айында тұтыну бағасының индексі сәуірдегі 0,9%-тен 0,6%-ке дейін баяулады. Ақылы қызмет көрсету бағасы 0,7%-ке, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар құны 0,5%-ке өсті.

Қандай азық-түлік қымбаттады

Азық-түлік тауарларының ішінде жеміс-жидек пен көкөніс бағасы қымбаттады, мамыр айында қырыққабат 23,8%-ке, пияз 9,9%-ке, жүзім 9,6%-ке, сәбіз 8,6%-ке, алма 5,3%-ке, картоп 4%-ке қымбаттады.
Күріш бағасы 2,5%ке, алкогольсіз сусындар 1,9%ке, сүт 1,8%-ке, шай 1,6%-ке өсті.
Бұл ретте қияр 39,6%-ке, қызанақ 23,7%-ке, тәтті бұрыш 7,6%-ке, қарақұмық 4%-ке, банан 3,8%-ке арзандады.
Жаңалықтар
0