https://sputnik.kz/20230605/qazaqstan-111-mln-sharshy-metr-turgyn-uy-35619117.html
Қазақстан алдағы жеті жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр
Қазақстан алдағы жеті жылда 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
Смайылов сондай-ақ кейінгі уақытта халықтың тарапынан құрылыс жұмыстарының сапасына және олардың ретсіз, бей-берекет салынуына, объектілердің уақтылы іске қосылмауына қатысты өте көп шағым түскенін айтты.
2023-06-05T08:55+0500
2023-06-05T08:55+0500
2023-06-05T09:02+0500
қоғам
тұрғын үй
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854064_0:161:3067:1886_1920x0_80_0_0_81e4cf23acefb703119cf71e0b939017.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан үкіметі 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында баспанамен қамтамасыз ету шаралары қаралды.Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 миллионнан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарлануда.Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр – 36,6 мың пәтер салынды.Смайылов мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр 130 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсарта алды.Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстары жоспардан артта қалып келе жатыр."Баспанамен қамтамасыз ету мәселесінің әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін маңызы өте зор. Бұл еліміздің ірі қалаларында барынша өзекті болып отыр. Бүгінде 600 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр. Аталған мәселені біртіндеп, жүйелі түрде шешу керек. Бізде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бірқатар бағыт көзделген", — деді премьер-министр.Үлескерлердің проблемасы қалай шешіледіБүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.Негізгі ынталандыру шаралары құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетуді көздейді. Бұл құрылыс компанияларына Қазақстан тұрғын үй компаниясынан кепілдік және әкімдіктерден рұқсат алу арқылы өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді.Қатаңдату шаралары үлескерлердің ақшасын тартудың ашық механизмін қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінде: салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға байланысты барлық шартты ХҚКО-ларда тіркеу, құрылысты одан әрі тоқтата отырып, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту, үлескерлердің ақшасын тартуға бағытталған рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу және басқалар.
https://sputnik.kz/20230426/deputat-zhetimder-baspana-34322023.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0c/33854064_169:0:2898:2047_1920x0_80_0_0_1cc0073490bee7b0a982aff4ec6fc993.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
тұрғын үй баспана құрылыс шаршы метр
тұрғын үй баспана құрылыс шаршы метр
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қазақстан үкіметі 7 жыл ішінде 111 млн шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отыр. Премьер-министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен президенттің Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі республикалық штаб отырысында баспанамен қамтамасыз ету шаралары қаралды.
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев алдағы жылдары 1 миллионнан астам отбасын жаңа баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын айтты. Қойылған міндетке қол жеткізу үшін 2029 жылдың соңына дейін республика бойынша тұрғын үйді пайдалануға беруді жыл сайын 200 мың шаршы метрге арттыру көзделген. Атап айтқанда, биыл 15,3 млн шаршы метр немесе 143 мыңнан астам пәтерді аяқтау жоспарлануда.
Жұмыстарды уақтылы атқару үшін әкімдіктер нақты нысандар мен олардың орындалу мерзімдерін көрсете отырып, жол карталарын бекітті. Министрлік әрбір пайдалануға берілетін нысанға ай сайын мониторинг жүргізеді. 4 айдың қорытындысы бойынша жалпы республикалық жоспарлы көрсеткіш 19%-ға артығымен орындалды: жоспарланған 3,6 млн шаршы метрдің орнына 4,3 млн шаршы метр – 36,6 мың пәтер салынды.
Смайылов мемлекет басшысы 2029 жылға дейін 111 млн шаршы метр жаңа тұрғын үй салу туралы міндет қойғанын атап өтті. Оның айтуынша, былтыр 130 мыңнан астам отбасы баспана жағдайын жақсарта алды.
"Бұл ретте, жоспар асыра орындалған өңірлердің ішінде Астана, Алматы қалаларын және Алматы облысын атап өтуге болады. Ал Ұлытау, Солтүстік Қазақстан және Атырау облыстарында жоспар орындалмай қалды", — деді премьер-министр.
Биылғы 4 айдың қорытындысы бойынша Абай, Маңғыстау және Ұлытау облыстары жоспардан артта қалып келе жатыр.
"Баспанамен қамтамасыз ету мәселесінің әсіресе, халықтың әлеуметтік осал топтары үшін маңызы өте зор. Бұл еліміздің ірі қалаларында барынша өзекті болып отыр. Бүгінде 600 мыңнан астам отбасы тұрғын үйге мұқтаж жандардың есебінде тұр. Аталған мәселені біртіндеп, жүйелі түрде шешу керек. Бізде Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы аясында бірқатар бағыт көзделген", — деді премьер-министр.
Үлескерлердің проблемасы қалай шешіледі
Бүгінде республика бойынша үлестік қатысуы бар 44 проблемалық нысан бар. Министрлік үлестік құрылыс мәселелерін реттеу мақсатында ынталандырушы және қатаңдататын түзетулер пакетін дайындады.
Негізгі ынталандыру шаралары құрылыс салушыларға қойылатын талаптарды жеңілдетуді көздейді. Бұл құрылыс компанияларына Қазақстан тұрғын үй компаниясынан кепілдік және әкімдіктерден рұқсат алу арқылы өз қызметін заңдастыруға мүмкіндік береді.
Қатаңдату шаралары үлескерлердің ақшасын тартудың ашық механизмін қалыптастыруға бағытталған. Олардың ішінде: салынып жатқан тұрғын үйді сатып алуға байланысты барлық шартты ХҚКО-ларда тіркеу, құрылысты одан әрі тоқтата отырып, үлескерлердің ақшасын заңсыз тартқаны үшін айыппұл санкцияларын ұлғайту, үлескерлердің ақшасын тартуға бағытталған рұқсатсыз жарнамаға тыйым салу және басқалар.