https://sputnik.kz/20230605/prezident-elordada-memlekettik-tudy-koteru-rasimine-qatysady-35620273.html
Президент елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады
Президент елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі. 05.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-05T09:34+0500
2023-06-05T09:34+0500
2023-06-05T09:34+0500
мемлекеттік ту
қасым-жомарт тоқаев
https://sputnik.kz/img/239/46/2394665_0:51:6016:3435_1920x0_80_0_0_edd492becf0dce50903749be38d149a1.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі. Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.8 маусымда мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/239/46/2394665_442:0:5797:4016_1920x0_80_0_0_ee62f27eeb9c25633060242686be889e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
мемлекеттік ту, қасым-жомарт тоқаев
Президент елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев 5 маусым күні елордада мемлекеттік туды көтеру рәсіміне қатысады, деп хабарлады президенттің баспасөз қызметі.
Салтанатты рәсім барысында мемлекет басшысы – Қазақстан Қарулы Күштерінің жоғарғы бас қолбасшысы жоғары әскери оқу орнының үздік түлектеріне офицерлік шен тапсырады.
8 маусымда мемлекет басшысы Астана халықаралық форумының пленарлық отырысында сөз сөйлейді "Диалог арқылы сын-қатерлерді еңсеру: ынтымақтастық, өркендеу және прогресс жолында" атты форумға қатысушылар климаттың өзгеруі, азық-түлік тапшылығы, энергетикалық қауіпсіздік және басқа да мәселелерді талқылайды.
Мәртебелі қонақтардың қатарында Қатар Әмірі шейх Тәмим бен Хамад әл Тәни, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров, Босния және Герцеговина президиумының төрағасы Желька Цвиянович, Халықаралық валюта қорының басқарушы директоры Кристалина Георгиева, ЮНЕСКО бас директоры Одрэ Азуле, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, Азия және Тынық мұхитына арналған экономикалық және әлеуметтік комиссияның (ЭСКАТО) атқарушы хатшысы Армида Алисджабана, Өзбекстан премьер-министрі Абдулла Арипов және тағы басқалары бар.
Сонымен қатар президент Қасым-Жомарт Тоқаев форум аясында бірқатар екіжақты кездесу өткізеді.