https://sputnik.kz/20230605/oraldyq-kasipkerler-khalyqqa-zhol-salyp-berdi-35618425.html
Оралдық кәсіпкерлер халыққа жол салып берді
Оралдық кәсіпкерлер халыққа жол салып берді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Оралдық кәсіпкерлер ақша жинап, тұрғындарға жол салып берді. Сол көшенің бойында орналасқан бизнес нысандарының иелері бірігіп... 05.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-05T08:28+0500
2023-06-05T08:28+0500
2023-06-05T08:28+0500
орал
жол
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18858028_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_bfe35a56a17c9e20d988fff2eec53a2e.jpg
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Оралдық кәсіпкерлер ақша жинап, тұрғындарға жол салып берді. Сол көшенің бойында орналасқан бизнес нысандарының иелері бірігіп, асарлатқан, деп жазды Хабар 24.Бұған дейін құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып келген жұрт, қазір кәсіпкерлерге дән риза. Осыған дейін шұрық-тесік болған Ахмиров атындағы көше қазір енді тақтайдай тегіс. Қаз-қатар тізілген сауда орындарының иелері бірігіп, жолды жаңғыртуға дәнекер болыпты. Тұрғындар ұзақ жылдан бері әкімдік пен мәслихаттың табалдырығын тоздырып, жолға қатысты мәселені айтумен келген. Әйткенмен, жол салу жоспары кейінге шегеріле беріпті. Ал биыл сайлау округінің депутаты кәсіпкерлерге қолқа салған. "Қазір материалдардың қымбат екені белгілі. Біраз қаражат кетті, бірақ соған қарамай бұл кәсіпкерлер игі іс атқарды. Көше жолы салынды да сосын әр кәсіпкер өзінің ауласын, есіктерінің алдын, кіреберістерінің жасатқанда 10 млн үстінде қаражат кетті", - дейді қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова.Биыл қалада жер қойнауын игеруші компания мен мемлекеттік бюджет есебінен 45 шақырым жол жөнделеді. Шаһарда 615 шақырым жол болса, соның 25 пайызына асфальт мүлде төселмеген.
https://sputnik.kz/20230604/turkistan-oblysynda-tulekter-eki-otbasyga-baspana-syylady-35603725.html
орал
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0c/08/18858028_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_41fb449137bfff1c6be66eb644517943.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
орал, жол
Оралдық кәсіпкерлер халыққа жол салып берді
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Оралдық кәсіпкерлер ақша жинап, тұрғындарға жол салып берді. Сол көшенің бойында орналасқан бизнес нысандарының иелері бірігіп, асарлатқан, деп жазды
Хабар 24. Бұған дейін құзырлы органдардың табалдырығын тоздырып келген жұрт, қазір кәсіпкерлерге дән риза. Осыған дейін шұрық-тесік болған Ахмиров атындағы көше қазір енді тақтайдай тегіс. Қаз-қатар тізілген сауда орындарының иелері бірігіп, жолды жаңғыртуға дәнекер болыпты.
"Мен осы көшеде тұрып жатқаныма 23 жыл болды. Осы уақыт бойы көше шұрық-тесік болатын, балаларымыз көшеге шығып ойнай алған жоқ. Біздер жаздыгүні жаңбыр жауғанда мына тұрған базарға бару үшін аяғымызға резеңке етік киіп шығатынбыз", - дейді қала тұрғыны Райса Бақтыгереева.
Тұрғындар ұзақ жылдан бері әкімдік пен мәслихаттың табалдырығын тоздырып, жолға қатысты мәселені айтумен келген. Әйткенмен, жол салу жоспары кейінге шегеріле беріпті. Ал биыл сайлау округінің депутаты кәсіпкерлерге қолқа салған.
"Қазір материалдардың қымбат екені белгілі. Біраз қаражат кетті, бірақ соған қарамай бұл кәсіпкерлер игі іс атқарды. Көше жолы салынды да сосын әр кәсіпкер өзінің ауласын, есіктерінің алдын, кіреберістерінің жасатқанда 10 млн үстінде қаражат кетті", - дейді қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова.
Биыл қалада жер қойнауын игеруші компания мен мемлекеттік бюджет есебінен 45 шақырым жол жөнделеді. Шаһарда 615 шақырым жол болса, соның 25 пайызына асфальт мүлде төселмеген.