Оралда түнде базар өртенді
© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіОралда базар өртенді

© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласында базар өртенді, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Өрт сөндірушілерге түнгі сағат 23:00 шамасында хабарлама түскен.
© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіОралда базар өртенді

Оралда базар өртенді
© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті
"Сағат 22.53-те "Бәйтерек" жабық сауда орны жанып жатқаны жөнінде хабарлама түсті. Оқиға орнында 48 жеке құрам және 12 бірлік техника, полиция департаментінің 11 қызметкері, 3 бірлік техника жіберілді. Батыс Қазақстан аймақтық энергетика компаниясынан 2 техника мен 5 адам қосымша жұмылдырылды", - дейді ведомстводағылар.
© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаментіОралда базар өртенді

Оралда базар өртенді
© Батыс Қазақстан облысының төтенше жағдайлар департаменті
Тілсіз жау сағат 00:09 оқшауланып, 00:37 толық жойылды. Өрттің салдарынан шамамен 80 шаршы метр алаң жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ.