Саясат

Минскіде ҰҚШҰ елдерінің Қауіпсіздік кеңестері хатшыларының отырысы өтеді

© Photo : Минобороны АрменииИманғали Тасмағамбетов
Иманғали Тасмағамбетов - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 5 маусым – Sputnik. Бейсенбі, 8 маусымда Минскіде Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы қауіпсіздік кеңестері хатшылары комитетінің отырысы өтеді, деп хабарлады ҰҚШҰ баспасөз хатшысы Владимир Зайнетдинов.
Отырысты Беларусь Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович жүргізеді.
Жиынға ҰҚШҰ Бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысады.
Отырысқа қатысушылар ҰҚШҰ-ға мүше мемлекеттердің қауіпсіздігіне төнетін қатерлерді және оларды бейтараптандыру шараларын талқылайды.
Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның "Наемник" аймақтық лаңкестікке қарсы операциясын өткізуге, басқару органдары мен ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік жүйесінің күштері мен құралдарын даярлау және т.б. құжаттарды қарау жоспарланып отыр, деп қосты баспасөз хатшысы.
ҰҚШҰ Парламенттік Ассамблеясы Кеңесінің Минскідегі отырысы - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.05.2023
ҰҚШҰ-ның халықаралық имиджін нығайту маңызды – Қошанов
Жаңалықтар
0