https://sputnik.kz/20230605/kulli-alem-qazaq-elin-kok-bayragyna-qarap-tanityn-boldy---toqaev-35628520.html
Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды - Тоқаев
Күллі әлем қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды - Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп... 05.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-05T11:34+0500
2023-06-05T11:34+0500
2023-06-05T11:38+0500
мемлекеттік рәміздер
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35624786_0:51:1280:771_1920x0_80_0_0_0bc12d9782783085309291daf21eb3ff.jpg
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда. Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, көк байрақ көкке көтерілді. "Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды, – деді мемлекет басшысы. Президент қастерлі нышандарымызды құрметтеу - әрбір азаматтың перзенттік парызы екенін айтты. Сол себепті бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық мән-маңызы зор, деді Тоқаев. "Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған", - деді мемлекет басшысы.Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды. Шара соңында мемлекеттік күзет қызметінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/05/35624786_92:0:1188:822_1920x0_80_0_0_7095d9f1108b6a5d1a0451a3322d538a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
мемлекеттік рәміздер
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы "Атамекен" этно-мемориал кешенінде өткен мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты, деп хабарлайды Ақорда.
Ең алдымен, Құрмет қарауылы ротасының бастығы рәсімге дайындығы жөнінде Президентке рапорт берді. Содан кейін мемлекеттік әнұран шырқалып, көк байрақ көкке көтерілді.
"Біз бабаларымыздың даңқты жолын жалғастырып келеміз. Байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымының төрінде тұр. Оны ғарышкерлеріміз көк жүзіне көтерді. Альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына орнатты. Спортшылар жеңіс тұғырынан желбіретіп, Әнұранымызды шырқатты. Күллі әлем Қазақ елін көк байрағына қарап танитын болды, – деді мемлекет басшысы.
Президент қастерлі нышандарымызды құрметтеу - әрбір азаматтың перзенттік парызы екенін айтты. Сол себепті бүгінгі салтанатты рәсімнің тағылымдық мән-маңызы зор, деді Тоқаев.
"Көк байрағымыз, Елтаңбамыз және Әнұранымыз – күллі халқымызға қастерлі нышандар. Біз үшін Тәуелсіздік – ең қымбат құндылық, ал туымыздың асқақ желбірегені – аса биік мәртебе. Батыр бабаларымыз сын сағатта әрдайым бір тудың астында жиналған. Алаш туы арыстарымыздың жігерін жанып, намысын қайраған", - деді мемлекет басшысы.
Салтанатты рәсім барысында жоғары әскери оқу орындарының 12 үздік түлегі Қазақстан президенті – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысының қолынан офицерлік шен алды.
Шара соңында мемлекеттік күзет қызметінің, қорғаныс және ішкі істер министрліктерінің Құрмет қарауылы роталары президент пен жиналған қауым алдынан салтанатты маршпен жүріп өтті.