Өңірлер

БҚО-да 9 жасар бала судьяның көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді

© Photo : "Уральская неделя" порталыБҚО-да 9 жасар бала судьяның көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді
БҚО-да 9 жасар бала судьяның көлігін өртеп жіберді деген күдікке ілінді - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 5 маусым – Sputnik. Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданында судьяның көлігін өртеп жіберді. 9 жасар бала күдікке ілінген, деп хабарлайды "Уральская неделя" порталы.
Жаңақала ауданы ІІБ полицейлері 4 маусымда 3-сынып оқушысы Ернұр Жасқайраттың үйіне келіп, ата-анасына судьяның көлігін өртеуге қатысы бар деген күдікке ілінгенін айтқан. Бұл туралы Жаңақала ауданының блогері Айболат Бөкенов жеке парақшасында мәлімдеді.
Жергілікті тұрғындардың айтуынша, полицейлер көліктің жанынан қамыс салынған пластикалық бензині бар бөтелке тапқан.
"Өрттен кейін 4 күннен соң Жаңақала АІІБ полицейлері көпбалалы ана Раушангүл Бисенованың үйіне барған. Полиция қызметкерлері анасына 9 жасар ұлы Ернұр Жасқайраттың күдікке ілінгенін айтқан. Анасы ұлының мұндай қылмыс жасау үшін тым кішкентай екенін және сол түні ол үйде болғанын айтты. Бала түнде жалғыз шығудан қорқатынын айтқан видеоүндеу жазған", - дейді блогер.
Сол видео тарағаннан кейін полицейлер "күдікті" баланың отбасынан кешірім сұраған.
Еске сала кетсек, 31 мамыр түнгі сағат 5.00-де Жаңғалы ауылында аудандық судья Ілияс Іргебаевтың көлігін белгісіз біреулер өртеп жіберген. Судья өртенген көлік өзіне тиесілі екенін растады.
Осыдан кейін полиция Қылмыстық кодекстің 202-бабының 2-бөлігі бойынша ("Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру") тергеу басталды.
архив - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.05.2023
Мультфильмнен көргенін қайталаған: Қытайда бала 26-қабаттан секіріп кетті
Жаңалықтар
0