https://sputnik.kz/20230604/undistanda-ush-poyyzdyn-apatqa-ushyrau-sebebi-anyqtaldy-35614074.html
Үндістанда үш пойыздың апатқа ұшырау себебі анықталды
Үндістанда үш пойыздың апатқа ұшырау себебі анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Үндістанның Одиша штатында үш пойыздың соқтығысуына электронды бұғаттау жүйесіндегі ақау себеп болған. Бұл туралы NDTV арнасының... 04.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-04T17:26+0500
2023-06-04T17:26+0500
2023-06-04T17:36+0500
үндістан
пойыз
апат
https://sputnik.kz/img/07e7/06/04/35612288_0:0:3072:1728_1920x0_80_0_0_3f8c2453bef0d58d553b308643eedea8.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Үндістанның Одиша штатында үш пойыздың соқтығысуына электронды бұғаттау жүйесіндегі ақау себеп болған. Бұл туралы NDTV арнасының эфирінде елдің темір жол министрі Ашвини Вайшнав мәлімдеді. Министрдің айтуынша, 300-ге жуық адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер мен оның себептері анықталды. "Мәселе электронды бұғаттауға қатысты болып отыр. Электрондық бұғаттау кезінде болған өзгеріс апатқа себеп болды. Мұны кім жасады және оның қалай болғаны тиісті тексеруден кейін анықталады", - деп келтіреді телеарна шенеуніктің сөзін. Үндістанның Баласор қаласына жақын жерде екі жолаушы пойызы мен жүк пойызы соқтығысты. Жүк пойызының соқтығысуы салдарынан жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып, қарсы жолға аударылған. Біраз уақыттан кейін оларға тағы бір жолаушылар пойызы соғылып, соның салдарынан адамдар мінген тағы бірнеше вагон рельстен шығып кеткен. Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 288 адам қаза тауып, 1 мыңнан астам адам жарақат алған.
үндістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/04/35612288_54:0:2785:2048_1920x0_80_0_0_d484f1ddc8a79f940e1f70f70df5d6cc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үндістан, пойыз, апат
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Үндістанның Одиша штатында үш пойыздың соқтығысуына электронды бұғаттау жүйесіндегі ақау себеп болған. Бұл туралы NDTV арнасының эфирінде елдің темір жол министрі Ашвини Вайшнав мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, 300-ге жуық адамның өмірін қиған қайғылы оқиғаға кінәлілер мен оның себептері анықталды.
"Сұмдық оқиғаның негізгі себебі анықталды... Мен егжей-тегжейлі тоқталғым келмейді. Қорытынды шешім шықсын. Тек негізгі себеп пен кінәлілер анықталғанын айтқым келеді", - деді Вайшнав. Оқиғаның себептерін анықтау ұзаққа созылмады. Бұл туралы Вайшнав бұрын да айтқан.
"Мәселе электронды бұғаттауға қатысты болып отыр. Электрондық бұғаттау кезінде болған өзгеріс апатқа себеп болды. Мұны кім жасады және оның қалай болғаны тиісті тексеруден кейін анықталады", - деп келтіреді телеарна шенеуніктің сөзін.
Үндістанның Баласор қаласына жақын жерде екі жолаушы пойызы мен жүк пойызы соқтығысты.
Жүк пойызының соқтығысуы салдарынан жолаушылар пойызының бірнеше вагоны рельстен шығып, қарсы жолға аударылған. Біраз уақыттан кейін оларға тағы бір жолаушылар пойызы соғылып, соның салдарынан адамдар мінген тағы бірнеше вагон рельстен шығып кеткен.
Соңғы мәліметтер бойынша, оқиға салдарынан 288 адам қаза тауып, 1 мыңнан астам адам жарақат алған.