https://sputnik.kz/20230604/ministrlik-pavlodar-zheo-dagy-zhondeu-zhumystary-qalay-zhurip-zhatqanyn-tekserdi-35609891.html
Министрлік Павлодар ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын тексерді
Министрлік Павлодар ЖЭО-дағы жөндеу жұмыстары қалай жүріп жатқанын тексерді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері Павлодардың... 04.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-04T15:19+0500
2023-06-04T15:19+0500
2023-06-04T15:19+0500
жылу электр орталығы
павлодар облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1f/35479207_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_715829a93dc9cdd872535ef689220294.jpg
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері Павлодардың жылу электр станцияларының қысқы маусымға дайындығын тексерді. Энергетика министрлігінің инспекторлары қаладағы барлық жылу-электр станцияларын аралап, жөндеу жұмыстары барлық жерде дерлік кестеден кеш жүргізіліп жатқанын, себебі кәсіпорындарда жөндеуші мамандар жетіспейтінін анықтады. Мысалы, "Павлодарэнерго" АҚ-ның ЖЭО-2 нысанындағы екі қазандық агрегаты мен екі турбоагрегатты жөндеу жоспарланған болатын. Алайда қазір бір ғана қазандық агрегатына жөндеу жүргізіліп жатса, ондағы нақты орындалған жұмыс көлемі 68%-ті құрайды. 28 маман жұмыс істеп жатыр және жөндеуді 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған. Компания қалған жабдықтар бойынша жұмыс шілде айында басталады деп уәде берді. Ал ЖЭО-3 нысанында жұмысы биылғы жылға жоспарланған үш қазандықтың бірінің жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімін кейінге шегеріп қойған. Тексерушілер іс жүзінде жұмыстар 85%-ке орындалғанын атап өтті. Жөндеу жүргізушілердің саны – 37 адам. 3 турбоагрегатта да осы жылдың 19 маусымына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 57%-ке орындалған жұмыстарды жеті адам жүргізіп жатыр. Тексерушілердің пікірінше, "Павлодарэнерго" АҚ-да жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін жөндеуші мамандар жетіспейді. Компанияның екі жылу электр орталығындағы бірқатар маңызды қондырғыны жөндеу жоспарына енгізбеуіне осы себеп болуы мүмкін. "Қазақстан алюминийі" АҚ ЖЭО-1 нысанында да бірден екі қазандықты жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермей жатыр, дейді инспекторлар. Оның біреуін жөндеу жұмыстарының өзіне 123 адам жұмылдырылып, бүгінгі күнге дейін олар жұмыстың 51%-ін орындай алған. Кәсіпорын бір қазандықты 10 шілдеге дейін, екіншісін 29 тамызға дейін жөндеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Жөндеу және тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.
павлодар облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/05/1f/35479207_58:0:967:682_1920x0_80_0_0_8a5f8e327ed7597374664f46ebaa83b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жылу электр орталығы, павлодар облысы
жылу электр орталығы, павлодар облысы
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің өкілдері Павлодардың жылу электр станцияларының қысқы маусымға дайындығын тексерді.
Энергетика министрлігінің инспекторлары қаладағы барлық жылу-электр станцияларын аралап, жөндеу жұмыстары барлық жерде дерлік кестеден кеш жүргізіліп жатқанын, себебі кәсіпорындарда жөндеуші мамандар жетіспейтінін анықтады.
Мысалы, "Павлодарэнерго" АҚ-ның ЖЭО-2 нысанындағы екі қазандық агрегаты мен екі турбоагрегатты жөндеу жоспарланған болатын. Алайда қазір бір ғана қазандық агрегатына жөндеу жүргізіліп жатса, ондағы нақты орындалған жұмыс көлемі 68%-ті құрайды. 28 маман жұмыс істеп жатыр және жөндеуді 1 шілдеге дейін аяқтау жоспарланған. Компания қалған жабдықтар бойынша жұмыс шілде айында басталады деп уәде берді.
Ал ЖЭО-3 нысанында жұмысы биылғы жылға жоспарланған үш қазандықтың бірінің жөндеу жұмыстарын аяқтау мерзімін кейінге шегеріп қойған. Тексерушілер іс жүзінде жұмыстар 85%-ке орындалғанын атап өтті. Жөндеу жүргізушілердің саны – 37 адам. 3 турбоагрегатта да осы жылдың 19 маусымына дейін жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 57%-ке орындалған жұмыстарды жеті адам жүргізіп жатыр.
Тексерушілердің пікірінше, "Павлодарэнерго" АҚ-да жөндеу жұмыстарын уақытылы әрі сапалы жүргізу үшін жөндеуші мамандар жетіспейді. Компанияның екі жылу электр орталығындағы бірқатар маңызды қондырғыны жөндеу жоспарына енгізбеуіне осы себеп болуы мүмкін.
"Қазақстан алюминийі" АҚ ЖЭО-1 нысанында да бірден екі қазандықты жөндеу жұмыстарын аяқтап үлгермей жатыр, дейді инспекторлар. Оның біреуін жөндеу жұмыстарының өзіне 123 адам жұмылдырылып, бүгінгі күнге дейін олар жұмыстың 51%-ін орындай алған. Кәсіпорын бір қазандықты 10 шілдеге дейін, екіншісін 29 тамызға дейін жөндеуді аяқтауды жоспарлап отыр. Жөндеу және тексеру жұмыстары жалғасып жатыр.