Ердоған үкімет құрамын 90%-ке жаңартты

© Photo : Пресс-служба Президента Республики КазахстанРеджеп Тайип Эрдоган в Акорде
Реджеп Тайип Эрдоган в Акорде - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Жазылу
Президент тағайындаған жаңа министрлердің көбісі Еуропа мен АҚШ-та білім алған
АСТАНА, 4 маусым – Sputnik. Күні кеше ұлықтау рәсімі өткен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған үкіметтің жаңа мүшелерін таныстырды, деп хабарлайды РИА Новости.
Агенттіктің мәліметінше, жаңа министрлер кабинетінде бұрынғы құрамнан тек екі министр қалып отыр.

Қызметін сақтап қалғандар

Денсаулық сақтау, сондай-ақ туризм және мәдениет министрі өз орнын сақтап қалды. Денсаулық сақтау министрлігін 2018 жылдан бері басқарып, пандемия мен жер сілкінісі сынды сынақтан сәтті өткен Фахреттин Қожа қызметінде қалды.
55 жастағы туризм және мәдениет министрі Мехмет Нури Эрсой да қызметін жалғастыра береді.

Өзгерістер лебі

Түрік үкіметіндегі негізгі қызметтерге жаңа адамдар келді. Бұрынғы парламент депутаты Джевдет Йылмаз вице-президент болды.
Түркия сыртқы істер министрлігін бұған дейін Ұлттық барлау ұйымының (MİT) басшысы қызметін атқарған Хакан Фидан басқарады. Фидан бұл қызметте 9 жылдан астам министр болған Мевлют Чавушоғлұның орнына келді.
Қаржы министрлігінің басшысы да өзгерді – ведомствоны 2016-2018 жылдар аралығында министрлікте халықаралық байланыстарға жауапты болған бұрынғы вице-министр Алпарслан Байрактар ​​басқаратын болды.
2019 жылдан бері Ыстанбұл провинциясының губернаторы қызметін атқарып келген Али Ерликая Түркия ішкі істер министрлігінің басшысы болды. Ол сайлау науқаны кезінде АҚШ пен оның елшісін бірнеше рет сынаған Сүлейман Сойланың орнына келді. Өткен жылы Ыстанбұлда болған терактіден кейін ол Анкара Вашингтонның көңіл айтуын қабылдамайтынын мәлімдеген.
Қорғаныс министрлігін 2018 жылдың шілде айынан бері Қарулы күштер Бас штабының басшысы қызметін атқарған Яшар Гюлер басқарады.
2009-2015 жылдары Түркияның Қаржы және қазынашылық министрі қызметін атқарған Мехмет Шимшек осы ведомство басшысы ретінде қайта оралды.
Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанды ұлықтау рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.06.2023
Ердоған Тоқаевқа ұлықтау рәсіміне қатысқаны үшін ризашылығын білдірді
Экономика "локомотивтерінің" блогы
Көлік министрлігін 2018 жылдан бері Автомобиль жолдары бас департаментін басқарған Абдулкадир Уралоғлы басқаратын болды.
Түркияның сауда министрлігін 23 жылдан астам уақыт бойы Albayrak Group концернінің бас үйлестірушісі қызметін атқарған Омер Болат басқарады.
Өнеркәсіп және технология министрлігіне басшы ретінде министрдің бұрынғы орынбасары болған Мехмет Фатих Каджыр келді.
Әлеуметтік блок
Бес жыл Анкарадағы AHBV университетінің ректоры болған Юсуф Текин Білім министрлі болды. 56 жастағы Осман Ашкын Бак Спорт және жастар істері министрлігін басқарады.
Қала құрылысы және қоршаған ортаны қорғау министрлігін 2016-2018 жылдар аралығында бұл қызметті атқарған Мехмет Озхасеки, әділет министрлігін парламент депутаты Йылмаз Тунч, еңбек министрлігін Ведат Ышыкхан басқарады. Орман және ауыл шаруашылығы министрлігіне ведомство басшысының орынбасары қызметін атқарған Ибрагим Юмаклы жетекшілік етеді.
Отбасы істері министрі Махинур Гекташ министрлер кабинетіндегі жалғыз әйел министр болады.
Жаңалықтар
0