https://sputnik.kz/20230603/ukimet-aleumettik-manyzy-bar-azyq-tulik-bagasyn-qalay-turaqtandyrmaq-35598395.html
Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалай тұрақтандырмақ
Үкімет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын қалай тұрақтандырмақ
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды. 03.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-03T16:14+0500
2023-06-03T16:14+0500
2023-08-10T17:15+0500
әлихан смайылов
үкімет
азық-түлік
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_3dadcd9d95fe50d29abb4179309852b7.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды.Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 4,2%-ды, ал мамыр айының қорытындысы бойынша 0,7%-ды құрады. Биыл бұл көрсеткіш бойынша Астана (6,1%), Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) және Жетісу облысы (5,3%) антилидер болды. Пияз, қырыққабат, күріш және сәбіздің бағасы барынша қымбаттады, ал қарақұмық, қант, күнбағыс майы мен ұнның бағасы төмендеді.Сауда министрлігі инфляция деңгейін 2 есеге төмендету мақсатында бағаның өсуіне барынша әсер ететін азық-түлік тауарларын өндірушілерді қолдауға бағытталған жаңа тәсіл әзірледі. Бұған сиыр еті, күнбағыс майы мен сары май, күріш, қант және көкөністер жатады. Бүгінгі таңда 78 негізгі өндіруші анықталды. Жаңа алгоритм шеңберінде әрбір тауарға өндіру мен сақтаудан бастап сатуға дейін бағдарланған тәсіл қамтамасыз етіледі.Премьер-министр тек мамыр айының өзінде ғана қырыққабат 22,3%, сәбіз 10,8%, пияз 9,6%, картоп 6,6%-ға қымбаттағанын атап өтті. Бұл жергілікті жерлердегі маусымдық кезеңде нарықты көкөністермен қамтамасыз ету жұмыстарының тиімсіздігін көрсетеді.Ол сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігін атап өтті."Бағаны тұрақтандыру үшін нарықта ұсыныс үнемі көп болуы тиіс. Мысалы, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер ақпан-наурыз айларында Тәжікстанмен пияз сатып алу мәселесін пысықтай бастады. Алайда, оны пияздың бағасы 10%-ға дейін өсіп кеткен уақытта, яғни мамыр айында ғана сатып алды. Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық", — деді ол. Смайылов әр өңір өз ерекшелігін білетіні, сондықтан өндірушілермен алдын-ала меморандумдар бекітуі керек екенін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/1a/27945957_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5732372330525e382a2c5f66796badfe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, үкімет, азық-түлік
әлихан смайылов, үкімет, азық-түлік
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Үкіметте әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі талқыланды.
Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев атап өткендей, жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының өсімі 4,2%-ды, ал мамыр айының қорытындысы бойынша 0,7%-ды құрады.
Биыл бұл көрсеткіш бойынша Астана (6,1%), Шығыс Қазақстан облысы (5,3%) және Жетісу облысы (5,3%) антилидер болды. Пияз, қырыққабат, күріш және сәбіздің бағасы барынша қымбаттады, ал қарақұмық, қант, күнбағыс майы мен ұнның бағасы төмендеді.
Сауда министрлігі инфляция деңгейін 2 есеге төмендету мақсатында бағаның өсуіне барынша әсер ететін азық-түлік тауарларын өндірушілерді қолдауға бағытталған жаңа тәсіл әзірледі. Бұған сиыр еті, күнбағыс майы мен сары май, күріш, қант және көкөністер жатады. Бүгінгі таңда 78 негізгі өндіруші анықталды. Жаңа алгоритм шеңберінде әрбір тауарға өндіру мен сақтаудан бастап сатуға дейін бағдарланған тәсіл қамтамасыз етіледі.
Премьер-министр тек мамыр айының өзінде ғана қырыққабат 22,3%, сәбіз 10,8%, пияз 9,6%, картоп 6,6%-ға қымбаттағанын атап өтті. Бұл жергілікті жерлердегі маусымдық кезеңде нарықты көкөністермен қамтамасыз ету жұмыстарының тиімсіздігін көрсетеді.
"Үкімет бағаны тұрақтандырудың барлық механизмдерін қайта қарады, салалық ережелер мен заңнамаға тиісті өзгерістер енгізді. Айта кету керек, ұйымдастыру жұмыстарының бәрі әкімдіктермен бірлесіп жүргізілуде. Соған қарамастан, өңірлерде келісім-шарттардың жасалмауы бағаның өсуіне әсер етіп отыр", — деді Әлихан Смайылов.
Ол сондай-ақ Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан үйлестіру жұмыстарының әлсіздігін атап өтті.
"Бағаны тұрақтандыру үшін нарықта ұсыныс үнемі көп болуы тиіс. Мысалы, Сауда, Ауыл шаруашылығы министрліктері мен әкімдіктер ақпан-наурыз айларында Тәжікстанмен пияз сатып алу мәселесін пысықтай бастады. Алайда, оны пияздың бағасы 10%-ға дейін өсіп кеткен уақытта, яғни мамыр айында ғана сатып алды. Тауарды тиімді бағамен алатын мүмкіндікті қолдан шығарып алдық", — деді ол.
Смайылов әр өңір өз ерекшелігін білетіні, сондықтан өндірушілермен алдын-ала меморандумдар бекітуі керек екенін атап өтті.