https://sputnik.kz/20230603/qazaqstan-men-europalyq-odaq-investitsiya-energetikazhane-logistika-maselelerin-talqylady-35592554.html
Қазақстан мен Еуропалық Одақ инвестиция, энергетика және логистика мәселелерін талқылады
Қазақстан мен Еуропалық Одақ инвестиция, энергетика және логистика мәселелерін талқылады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы... 03.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-03T08:38+0500
2023-06-03T08:38+0500
2023-06-03T08:43+0500
әлихан смайылов
еуропалық одақ
көлік
инвестиция
https://sputnik.kz/img/07e7/06/03/35592390_0:0:1500:844_1920x0_80_0_0_1ebfedcccc72cbeba3f735a04d11c75d.jpg
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.Премьер-министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр.Әлихан Смайылов былтыр COP-27 конференциясы аясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен бірге осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды. Ал бірнеше апта бұрын Алматыда Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен осы Меморандумды жүзеге асыру бойынша жол карталарымен алмасу шарасы өтті.Өз кезегінде Марош Шефчович Еуропалық Одақтың бұған дейін қол жеткізілген барлық уағдаластықты жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екенін атап өтті."Менің республикаға сапарым Еуропалық Одақта Қазақстанды аса маңызды стратегиялық серіктес ретінде көретінімізді дәлелдейді. Біз өзара тауар айналымының артқанына қуаныштымыз және сіздің елдегі ең ірі инвесторлардың бірі болғанымызды мақтаныш тұтамыз. Менің сапарымда сіздердің министрлеріңізбен кездесулердің барлығы сәтті өтті. Біз бірлесе жұмыс істеуге болатын ортақ жобаларды талқыладық. Барынша тығыз ынтымақтастықты әрі қарай нығайту – біздің күн тәртібімізде тұрған негізгі мәселелердің бірі", — деді Марош Шефчович.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/03/35592390_188:0:1313:844_1920x0_80_0_0_778de8405321a3686ade4846e8b53a98.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әлихан смайылов, еуропалық одақ, көлік, инвестиция
әлихан смайылов, еуропалық одақ, көлік, инвестиция
Қазақстан мен Еуропалық Одақ инвестиция, энергетика және логистика мәселелерін талқылады
08:38 03.06.2023 (жаңартылды: 08:43 03.06.2023) АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Премьер-министр Әлихан Смайылов пен Еуропалық комиссияның вице-президенті Марос Шефчович Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы сауда, инвестиция, энергетика, көлік және логистика салаларындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелерін талқылады.
Премьер-министр Қазақстан Еуропалық Одақпен инвестициялық серіктестікті одан әрі тереңдетуге және өзара сауданы әртараптандыруға мүдделі екенін атап өтті. Сонымен қатар соңғы жылдары аса маңызды шикізат саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселесі де өзекті болып отыр.
Әлихан Смайылов былтыр COP-27 конференциясы аясында Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйенмен бірге осы бағыттағы ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды. Ал бірнеше апта бұрын Алматыда Еуропалық комиссияның вице-президенті Валдис Домбровскиспен осы Меморандумды жүзеге асыру бойынша жол карталарымен алмасу шарасы өтті.
"Құжат экономиканың нақты секторларындағы әріптестігімізді нығайту бойынша нақты шараларды көздейді, оның негізгі элементі "жасыл" технологияларды енгізу болып табылады. Бұл осы саладағы ортақ мақсаттарымызды жүзеге асыруға қосымша серпін беретіні сөзсіз", — деді премьер-министр.
Өз кезегінде Марош Шефчович Еуропалық Одақтың бұған дейін қол жеткізілген барлық уағдаластықты жүзеге асыруды жалғастыруға дайын екенін атап өтті.
"Менің республикаға сапарым Еуропалық Одақта Қазақстанды аса маңызды стратегиялық серіктес ретінде көретінімізді дәлелдейді. Біз өзара тауар айналымының артқанына қуаныштымыз және сіздің елдегі ең ірі инвесторлардың бірі болғанымызды мақтаныш тұтамыз. Менің сапарымда сіздердің министрлеріңізбен кездесулердің барлығы сәтті өтті. Біз бірлесе жұмыс істеуге болатын ортақ жобаларды талқыладық. Барынша тығыз ынтымақтастықты әрі қарай нығайту – біздің күн тәртібімізде тұрған негізгі мәселелердің бірі", — деді Марош Шефчович.