Ақтөбеде 10 жастағы бала суға батып кетті

© Photo : ДЧС Павлодарской областиГражданин Китая утонул в Павлодаре
Гражданин Китая утонул в Павлодаре - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 3 маусым – Sputnik. Ақтөбеде 10 жастағы бала ойнап жүріп, суға түсіп кеткен. Оны сүңгуірлер алып шықты.
Оқиға кеше сағат 18:26-да тіркелді. 112 құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Астана ауданы Айболит бау-бақша ұжымы ауданында баланың суға батып кеткені жөнінде хабарлама түсті.
"Оқиға орнына сүңгуірлер жіберілді. Алдын ала ақпарат бойынша 10 жастағы бала ата-ананың қарауынсыз қалып, ойнап жүріп құлап кеткен. Жедел құтқару жасағының қызметкерлері сағат 19:05-те 10 жастағы ер баланың денесін судан шығарды. Оның үстінде киімі болған", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Жаңалықтар
0