https://sputnik.kz/20230602/zhambyl-oblysynda-politseyler-kolikti-tapshanga-aynaldyrgan-sheteldikterdi-toqtatty-35561756.html
Жамбыл облысында полицейлер көлікті "тапшанға" айналдырған шетелдіктерді тоқтатты
Жамбыл облысында полицейлер көлікті "тапшанға" айналдырған шетелдіктерді тоқтатты
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Жамбылдық полицейлер көлігін "тапшанға" айналдырған азаматты анықтады, деп хабарлады Polisia.kz. 02.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-02T11:58+0500
2023-06-02T11:58+0500
2023-06-02T13:41+0500
жамбыл облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35565786_0:14:960:554_1920x0_80_0_0_fc9978e4f2f3e2f42fc1a2f1f86874f4.jpg
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Жамбылдық полицейлер көлігін "тапшанға" айналдырған азаматты анықтады, деп хабарлады Polisia.kz.Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Абайлаңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен "тапшан" тапқан."Салон ішінде 12 жолаушы болды, оның 5-еуі бала. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.Жүргізуші мен жолаушылар қазақстандықтар емес, көрші мемлекеттің азаматтары."Олар Ресейге табыс табу үшін бара жатыр екен. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің алдын алдық. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деді Дәулетбек Жанғабылов.
https://sputnik.kz/20221018/zhol-erezhesin-oreskel-buzatyndar-ayyppul-28590548.html
жамбыл облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/06/02/35565786_0:0:960:720_1920x0_80_0_0_c7f38b3e19a49c7106dd75647b7448fe.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жамбыл облысы
Жамбыл облысында полицейлер көлікті "тапшанға" айналдырған шетелдіктерді тоқтатты
11:58 02.06.2023 (жаңартылды: 13:41 02.06.2023) АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Жамбылдық полицейлер көлігін "тапшанға" айналдырған азаматты анықтады, деп хабарлады
Polisia.kz. Полиция департаменті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "Абайлаңыз, балалар!" жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде ГАЗель автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде көлік ішінен "тапшан" тапқан.
"Салон ішінде 12 жолаушы болды, оның 5-еуі бала. Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 5-бөлігі және 590-бабы 7-бөлігі "Көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Азаматтың Қазақстан Республикасында төленбеген бірнеше айыппұлы бар болып шықты және автокөлікті айдауға сотпен тыйым салынғандығы анықталды", - дейді Жамбыл облысы ПД ППБ командирінің міндетін атқарушы Дәулетбек Жанғабылов.
Жүргізуші мен жолаушылар қазақстандықтар емес, көрші мемлекеттің азаматтары.
"Олар Ресейге табыс табу үшін бара жатыр екен. Олардың заңсыз қайта жабдықталған көлікпен осындай алыс жолға шыққанда не ойлағаны белгісіз. Ең бастысы, біз, дер кезінде тоқтатып, жауапсыз әрекеттің алдын алдық. Автокөлік айып тұрағына қойылды", - деді Дәулетбек Жанғабылов.