Тоқаев Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті

© президенттің баспасөз қызметіМемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Еуропалық Кеңестің Президенті Шарль Мишельмен кездесті - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым - Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" аясында Еуропалық кеңестің президенті Шарль Мишельмен кездесті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Шарль Мишельге ілтипат білдіре отырып, Қазақстан Еуропалық Одақпен стратегиялық серіктестікке баса мән беретінін атап өтті. Еліміздің Еуропалық Одақпен жасаған кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімі берік қарым-қатынастардың жаңа кезеңіне жол ашты.
Бүгінде ЕуроОдақ – Қазақстанның жетекші сауда серіктесі және экономикамыздың ең ірі инвесторы. Өз кезегінде Шарль Мишель ЕуроОдақ пен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықтың қарқынды дамып келе жатқанын жоғары бағалап, өзара қарым-қатынасты одан әрі дамыту үшін бірлесе жұмыс істеу керек екенін атап өтті. Сондай-ақ олар жаһандық және өңірлік күн тәртібіндегі мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Жаңалықтар
0