Мексика полициясы адам қалдықтары салынған 45 қап тапты

© РИА Новости / Медиабанкке өтуПолиция Мексики. Архивное фото
Полиция Мексики. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 маусым - Sputnik. Мексика билігі Батыс Гвадалахара қаласының маңындағы сайдан 45 қап адам қалдықтарын тапты, деп хабарлайды ВВС.
Шенеуніктер әу баста жоғалып кеткен байланыс орталығының жеті бірдей жас қызметкеріне іздеу жариялаған. Іздеу кезінде көптеген мәйітті анықтаған. Табылған мәйіттердің қаншасы әйел, қаншасы ер адам екені әрі, нақты саны белгісіз. Адам қалдықтары табылған жер күннен таса, қараңғы болғандықтан іздеу жұмыстары бірнеше күнге созылмақ.
Батыс Халиско штатының прокуратурасы жеті жас маманның денесін адам қалдықтары бар сөмкелер табылған Мирадор-Дель-Боске шатқалында іздеуді бастағанын хабарлады.
Мәйіттерді табуға өрт сөндірушілер мен азаматтық қорғаныс полициясы және тікұшақ экипажы жұмылдырылған.
Бірінші қап сейсенбіде табылған. Бірақ жер бедерінің күрделілігі мен күн сәулесінің болмауына байланысты іздеу сәрсенбіде қайта басталған. Барлық мүрделер табылмайынша іздеу жұмыстары жалғасатын болады.
Шенеуніктер мәйіттердің санын, олардың жеке басын және олардың қайтыс болу себептерін анықтау жұмысын жалғастыратынын айтты.
Сондай-ақ билік жоғалған жеті адамды да анықтауға бар күштерін салатынын жеткізді.
Мәйіттердің жыраға қалай түскені әлі анықталмағанымен, олардың қалай өлгені туралы болжамдар бар.
Ресми мәліметтерге сәйкес , 100 000-нан астам адам жоғалып кеткен, олардың көпшілігі ұйымдасқан қылмыстың құрбаны болғандар. Ал кінәлілер сирек жазаланады.
Үкіметтің мәліметті бойынша, адамдар 2007 жылдан бастап жоғала бастаған. Сол жылы президент болып тұрған Фелипе Кальдерон өзінің "есірткіге қарсы соғысын" бастаған.
Жоғалғандапдың төрттен үш бөлігі ер адамдар, бестен бір бөлігі 18 жасқа толмағандар.
Жоғалған адамдардың туыстары үкіметтің мұндай жағдайға немқұрайды қарайтынын айтқан. Тіпті жоғалған туыстарын айтып шағымданғанда тым енжарлық танытатынын айтып шағымданған.
Біріккен Ұлттар Ұйымы мұны "үлкен көлемдегі адам трагедиясы" деп атады.
Халиско - есірткіге қарсы соғыстың орталығы. Онда жұмыс істейтін ең ықпалды топтың бірі "Новое поколение Халиско" тобы (CJNG) ал оның қарсыласы Nueva Plaza. Ол CJNG-нен 2017 жылы бөлініп шыққан.
Жаңалықтар
0