Еуропаға 175 дайын өнімнің экспортын арттыра аламыз – президент

© Photo : АО "НК "Казахстан темир жолы"Контейнерный поезд
Контейнерный поезд - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның Еуропаға дайын 175 тауардың түрін жеткізе алатынын мәлімдеді, деп хабарлады Ақорда.
Бүгінде экпортталатын тауарлардың тізімін кеңейтуге басымдық беріліп отыр.
"Қазақстан жалпы сомасы 2,3 миллиард теңгеге 175 шикізаттық емес тауар түрлері бойынша Еуропалық одақ елдеріне жасалатын экспортты көбейте алады. Соның ішінде машина жасау, темір мен болат өндірісі, тамақ өнеркәсібінің өнімдері бар", - деді Тоқаев "Орталық Азия – Еуропалық Одақ" басшыларының екінші кездесуінде.
Ресми мәліметке сәйкес, өткен жылы Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы азық-түлік тауарлары бойынша өзара сауда-саттықтың көлемі 35 процентке өсіп, 1 миллиард долларға жақындады.
"Бұнымен шектелуге болмайды. Қазірдің өзінде біздің аграрийлер дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ басқа да өнімдердің экспортын арттыруға дайын отыр", - деп атап көрсетті мемлекет басшысы.
Тоқаевтың айтуынша, екі жақтың аграрлық саладағы әлеуетін пайдаланып, азық-түлік қауіпсіздігін күшейтуге болады.
Жаңалықтар
0