https://sputnik.kz/20230602/balamyzdy-qabyldamay-zhatyr-astanalyqtar-binom-mektebine-narazylyq-bildirdi-35568418.html
"Баламызды қабылдамай жатыр": Астаналықтар Binom мектебіне наразылық білдірді
"Баламызды қабылдамай жатыр": Астаналықтар Binom мектебіне наразылық білдірді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астаналық ата-аналар балаларын мектепке беру үшін таң атпай Алтынсарин атындағы Binom мектебінің алдына жиналды. Шамамен 500 адам... 02.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-02T13:04+0500
2023-06-02T13:04+0500
2023-06-02T13:05+0500
астана
мектеп
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25923205_1:0:3642:2048_1920x0_80_0_0_975c0eb8f57a5d39c3a6b7e5290945a2.jpg
АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астаналық ата-аналар балаларын мектепке беру үшін таң атпай Алтынсарин атындағы Binom мектебінің алдына жиналды. Шамамен 500 адам қазіргі уақытта мекеменің алдында тұр, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.Елорда тұрғындары мектеп жанындағы көрші үйлерде тұратынына қарамастан, білім ордасына қабылдану үшін резервке ғана қойылғанын айтып шағымданды."Бізді тек резервке жазды, мектептің жанында үйіміз болса да бізді қабылдамайды. Мұнда 500-ден астам оқушының ата-анасы мектепке қабылдану үшін келіп тұр", - деп түсіндірді Алтынай есімді ата-ана.Оның айтуынша, оқу құны 200 мың теңге болатын мектептер балаларды қабылдауға дайын. Ондай қаражатты ата-аналардың бәрінің қалтасы көтере бермейді.Бұған дейін 2023-2024 оқу жылына Астанадағы алты бірдей Binom мектебінің бірінші сынып оқушылары үшін қазақ тілінде оқытатын сыныптарға 1 225 орын және орыс тілінде оқытатын сыныптарға 425 орын қарастырылған деп айтылған болатын.Ал Bilim Land ЖШС сайтын әзірлеушінің айтуынша, портал жұмысында проблема болған, яғни техникалық мәселе туындаған.Білім министрлігінің мәліметінше, жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 400 мыңнан астам қазақстандық бала барады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/07/04/25923205_456:0:3187:2048_1920x0_80_0_0_7084b15b5fdae25d181ef80e03d30f6b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мектеп
"Баламызды қабылдамай жатыр": Астаналықтар Binom мектебіне наразылық білдірді
13:04 02.06.2023 (жаңартылды: 13:05 02.06.2023) АСТАНА, 2 маусым – Sputnik. Астаналық ата-аналар балаларын мектепке беру үшін таң атпай Алтынсарин атындағы Binom мектебінің алдына жиналды. Шамамен 500 адам қазіргі уақытта мекеменің алдында тұр, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Елорда тұрғындары мектеп жанындағы көрші үйлерде тұратынына қарамастан, білім ордасына қабылдану үшін резервке ғана қойылғанын айтып шағымданды.
"Бізді тек резервке жазды, мектептің жанында үйіміз болса да бізді қабылдамайды. Мұнда 500-ден астам оқушының ата-анасы мектепке қабылдану үшін келіп тұр", - деп түсіндірді Алтынай есімді ата-ана.
Оның айтуынша, оқу құны 200 мың теңге болатын мектептер балаларды қабылдауға дайын. Ондай қаражатты ата-аналардың бәрінің қалтасы көтере бермейді.
Бұған дейін 2023-2024 оқу жылына Астанадағы алты бірдей Binom мектебінің бірінші сынып оқушылары үшін қазақ тілінде оқытатын сыныптарға 1 225 орын және орыс тілінде оқытатын сыныптарға 425 орын қарастырылған деп айтылған болатын.
Ал Bilim Land ЖШС сайтын әзірлеушінің айтуынша, портал жұмысында проблема болған, яғни техникалық мәселе туындаған.
Білім министрлігінің мәліметінше, жалпы жаңа оқу жылында бірінші сыныпқа 400 мыңнан астам қазақстандық бала барады.