"Балаларға бір күн емес, әр күнді арнау керек": ІІМ Академиясы мерекелік шара ұйымдастырды

© Алматы қалалық полиция департаменті: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады
: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Алматыда ІІМ Академиясы ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы спорттық алаңында балаларға мереке сыйлады.
Балаларға арналған шарада әртүрлі дамытатын ойындар ойнатылып, асфальт үстіне суреттер салынды. Сондай-ақ қауіпсіздік пен тәртіп туралы бала тілінде әртүрлі қызықты шаралар ұйымдастырылды.
© Алматы қалалық полиция департаменті: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады
: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады
"Дене шынықтыру адамның салауатты өмірін, эстетикасы мен мінез-құлқын жетілдіріп, түрлі аурулардың алдын алатынын, топтағы ұжымдық рухын қалыптастыратын білеміз. Осы мақсатта, бүгін біздің Академияда балаларға арналған ауқымды спорттық, ойын-сауық шаралар ұйымдастырылды", - деп бөлісті ҚР ІІМ Мақан Есболатов атындағы Алматы академиясының бастығы полиция генерал-майоры Айдар Сайтбеков.
© Алматы қалалық полиция департаменті: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады
: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады  - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.06.2023
: Алматыда ІІМ Академиясы балаларға мереке сыйлады
Алаңда полиция қызметі туралы тереңірек білу үшін автомобильді мен мото техника қойылып, түрлі тәттілер таратылды. Барлық конкурстардың нәтижелері бойынша жас өрендерге дипломдар мен сыйлықтар берілді.
"Мұндай шаралар ең бірінші кезекте отбасы құндылығын арттырады. Кез келген адамның отбасы татулығын нығайта түседі. Балаларға бір күн емес, әр күнді арнау керек, мүмкіндік болса балаларға әр күні қуаныш сыйласақ, мейіріммен қоса дұрыс тәрбие берсек біздің болашағымыз мығым болары сөзсіз", - дейді Айдан Сайтбеков.
Жаңалықтар
0