https://sputnik.kz/20230602/12-myn-qazaqstandyqqa-otbasynyn-tsifrlyq-kartasy-arqyly-qyzmet-korsetildi-35568276.html
12 мың қазақстандыққа отбасының цифрлық картасы арқылы қызмет көрсетілді
12 мың қазақстандыққа отбасының цифрлық картасы арқылы қызмет көрсетілді
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізгеннің арқасында биыл жыл басынан бері 102 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді... 02.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-02T13:35+0500
2023-06-02T13:35+0500
2023-06-02T13:35+0500
отбасы
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_0:87:1281:807_1920x0_80_0_0_5bc60ef90f1b2be1dfc568cedeb316f8.jpg
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізгеннің арқасында биыл жыл басынан бері 102 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.12 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алды. Жобаны пилоттық режимде іске асырған 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қолдау шаралары ОЦК арқылы 20 мыңнан астам азаматқа тағайындалды.ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электронды хабарлама" беріп тұрады.ОЦК арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың 9 түрін қандай да бір өтінішсіз рәсімдеуге болады. Олар: жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылғанда, бала күтіміне байланысты, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек."ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске қосылды. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады", - дейді ведомство.Алаяқтықтарға алданып қалмас үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет. Қандай да бір сұрақ туындаса 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлассаңыз болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/18/23696908_43:0:1180:853_1920x0_80_0_0_a346976c6cb3bc06b0c950969bb19d9e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
отбасы
АЛМАТЫ, 2 маусым – Sputnik. Отбасының цифрлық картасын (ОЦК) енгізгеннің арқасында биыл жыл басынан бері 102 мыңнан астам адамға мемлекеттік қызметтерді проактивті көрсету үшін SMS-хабарлама жолданды, деп хабарлайды еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
12 мыңнан астам адам өтініш берусіз жәрдемақы немесе төлем алды. Жобаны пилоттық режимде іске асырған 2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік қолдау шаралары ОЦК арқылы 20 мыңнан астам азаматқа тағайындалды.
"Отбасының цифрлық картасы мемлекеттік органдардың қолданыстағы барлық ақпараттық жүйесінің деректері сақталған. Бүгінгі таңда онда Қазақстанның 19,7 млн-нан астам азаматы немесе 6 млн-нан астам отбасы туралы ақпарат жинақталған", - дейді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі.
ОЦК енгізудің басты мақсаты – қазақстандықтардың мемлекеттік қолдау жүйесіне тең қолжетімділігін қамтамасыз ету. ОЦК азаматтардың әлеуметтік мәртебесіне байланысты кепілдендірілген мемлекеттік қолдаудың қандай да бір түрін алуға құқықтары туралы күнделікті "электронды хабарлама" беріп тұрады.
ОЦК арқылы мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың 9 түрін қандай да бір өтінішсіз рәсімдеуге болады. Олар: жүктілікке және босануға байланысты табысынан айырылғанда, бала күтіміне байланысты, жұмысынан айырылған жағдайда, асыраушысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлем, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған ата-анасына (қамқоршысына) жәрдемақы, мүгедектігі бойынша жәрдемақы, көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы, атаулы әлеуметтік көмек.
"ОЦК арқылы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы автоматты хабарлама іске қосылды. Мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқық белгіленген кезде әлеуетті алушыға 1414 бірыңғай байланыс орталығынан SMS-хабарлама жіберіледі. Хабарлама алған азамат оған келісімі туралы жауап беруі керек. Өтінішті ресімдеу және әлеуметтік жәрдемақы немесе төлем тағайындау автоматты режимде жүргізіледі, содан кейін ақша қаражаты алушының банк шотына аударылады", - дейді ведомство.
Алаяқтықтарға алданып қалмас үшін 1414 бірыңғай байланыс орталығынан келіп түскен SMS-ке жауап беру қажет. Қандай да бір сұрақ туындаса 1414 нөмірі бойынша Call-орталыққа хабарлассаңыз болады.