https://sputnik.kz/20230601/tenizde-gaz-bolu-kesheni-salynady-35553783.html
Теңізде газ бөлу кешені салынады
Теңізде газ бөлу кешені салынады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады "ҚазМұнайгаз" компаниясының баспасөз... 01.06.2023, Sputnik Қазақстан
2023-06-01T20:02+0500
2023-06-01T20:02+0500
2023-06-01T20:02+0500
газ
теңіз
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_0:160:3073:1888_1920x0_80_0_0_7991b1836088d220843e09fbf2ce0a3c.jpg
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады "ҚазМұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі.Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүргізу жоспарланып отыр.Негізгі шарттар жобаны іске асырудың базалық параметрін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газ жеткізу мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді."ТШО Қазақстан Республикасының елдегі индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіруді жалғастырады", — деді ТШО бас директоры Кевин Лайон."KMG PetroChem" ЖШС — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың 100 пайыз еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асырып, үйлестіреді."КМG PetroChem" жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен газ бөлу кешеніне, сондай-ақ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да жобаларға жауапты."Теңізшевройл" ЖШС — мұнай, сұйытылған көмірсутек газдары, құрғақ газ және күкіртті игеру, өндіру және сатумен айналысатын қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/10/18664675_170:0:2901:2048_1920x0_80_0_0_42fd1b055ed5825ddf42bbfecfb32e25.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газ, теңіз
АСТАНА, 1 маусым – Sputnik. KMG PetroChem мен Теңізшевройл газ бөлу кешенін салу туралы келісімге қол қойды, деп хабарлады "ҚазМұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметі.
Газ бөлу кешені құрылысын Теңіз кен орнының аумағында жүргізу жоспарланып отыр.
Негізгі шарттар жобаны іске асырудың базалық параметрін, ТШО-ның KMG PetroChem компаниясына құрғақ газ жеткізу мен техникалық қызмет көрсету бойынша алдын ала шарттарды және объектіні салу мен пайдалану кезеңінде үйлестіру бойынша басқа да мәселелерді бекітеді.
"Бүгін аталған құжатқа қол қою арқылы біз жоғары сапалы полиэтилен өндіретін ауқымды кешенді жүзеге асыруға бір қадам жақындадық",— деп атап өтті "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Мағзұм Мырзағалиев.
"ТШО Қазақстан Республикасының елдегі индустрия мен экономиканың одан әрі дамуына серпін беретін мұнай-химия өнеркәсібін дамыту бойынша жоспарларына белсенді қолдау білдіруді жалғастырады", — деді ТШО бас директоры Кевин Лайон.
"KMG PetroChem" ЖШС — "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ-тың 100 пайыз еншілес кәсіпорны. Кәсіпорын ҚМГ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы жобаларды іске асырып, үйлестіреді.
"КМG PetroChem" жобаланып отырған полиэтилен зауыты мен газ бөлу кешеніне, сондай-ақ тобында мұнай-газ химиясы саласындағы басқа да жобаларға жауапты.
"Теңізшевройл" ЖШС — мұнай, сұйытылған көмірсутек газдары, құрғақ газ және күкіртті игеру, өндіру және сатумен айналысатын қазақстандық жауапкершілігі шектеулі серіктестік.