Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайын ба – ФОТО
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Жазылу
АЛМАТЫ, 1 мамыр – Sputnik. Алматы облысындағы ірі жағажайлардың бірі – Қонаев қаласындағы Қапшағай жағажайы. Алматылықтар жиі демалатын бұл жерге жылына 1 млн адам келеді. Жағажайдың биылғы шомылу маусымына дайындығын Sputnik Қазақстан тілшісі көріп қайтты.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Биыл күн райы алматылықтарды онша қуанта қоймады. Сол себепті болар Қапшағай қалалық жағажайында былтырға қарағанда қазірше адам қарасы аз. Орынды жалға алып, кәсібін дөңгелететіндер де аса дайындала қоймаған. Жаңадан шатыр тігіп, баяу қимылдап жатыр.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Он шатырды дайындау үшін кемінде 1,5 млн ақша керек. Былтыр жазғы маусымнан кейін қалған шатырларымыздың бәрін құртып кеткен, өртегенін өртеген, ұрлағанын ұрлаған. Бұл жерде күзетші қою үшін қалтаңнан қаражат шығаруың керек. Бұл өзі маусымдық жұмыс. Мына шатырлардың бәрі күз, қыс, көктем далада тұрған соң әркім ойына келгенін істейді", - дейді жағажайды жалға алушы кәсіпкер.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Кәсіпкерлердің айтуынша, жаңа шомылу маусымына дайындықтың өзі қыруар қаражатты талап етеді, бірақ оны ала жаздай жұмыс істесең де кейде ақтай алмай қаласың.
"Жағажайдағы жердің шаршы метрін бізге биыл 10 мыңнан беріп отыр. Өткен жиналыста басшылар "әрбір шатырды жалға 15 мыңнан бер" дейді. Ол еш мүмкін емес. Бұл жерде қарапайым тұрғындар демалады. Өйткені тегін жағажай. Ары кетсе 5-6 мыңға жалға бересің. Бұл жағажайға байлар келіп демалмайды. Биыл бізге киіз үй тіктірмей тастады. Ол аз да болса пайда еді. Тәуліктеп демалатын кісілер киіз үй сұрайды, оның бағасын 10-15 мыңнан беруге болады", - дейді кәсіпкерлер.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Айтуларынша, оларжағажайдағы тазалыққа да жауапты болып қалған, "темекінің тұқылын теріп кетеміз" дейді.
"Кейбір демалушылар шатырдан шықпай түнімен отырып алады. Полиция келіп "сендердің демалушыларың" деп бізге тиіседі. Жалпы қоғамдық қауіпсіздік дегенге полиция жауап беру керек қой. Бірді-екілі полицейді анда-санда көріп қаласың, әйтпесе қандай да бір құқық бұзушылық болса полицияны іздеп таппай қаламыз. Негізі жалдап, маусымда нәпақасын тапқысы келетін жандарға қысым көрсетіле бермесе дейміз", - дейді жағажайдағы демалыс орындарын жалға алушылар.
Кәсіпкерлердің айтуынша, жылда бұл уақытта жағажай сақадай сай тұратын. Қазіргі күні бұл шаруа тым баяу жүріп жатыр. Жалпы биыл жағажайды жалға алатын кәсіпкерлердің шырқы кеткен. "Жағажайды ашпай жатыр" деп тұрғындар да шулаған. Жаяу жүргіншілер үшін ашық болғанымен, жағажайға көлік жіберілмейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
"7 жағажайдың біреуі ғана жабық тұр. Бұл – бесінші жағажай. Өйткені онда ірі техникалар құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тұрғындар үшін демалатындай еш мүмкіндік жоқ. Құрылыс 15 маусымда қолданысқа беріледі. Тұрғындардың шағымымен 4-ші жағажайға тексеру жүргізілді. Бұл жердегі проблема – мұнда толығымен қақпа тұр. Бұл қақпа жаяу жүрігіншілер үшін ашық. Ал көлігімен келетіндер ақылы автотұраққа көліктерін қалдыруға міндетті", - дейді қалалық әкімдік.
Көліктерді өткізетін шлагмаумдар да қалпына келтірілмеген. Ал көліктерден түсетін қаражат жағажайдың санитарлық және басқа да жұмыстарына жұмсалады. Сондай-ақ әр жерде бір қойылған қоқыс жәшіктерінің де саны көбейетін көрінеді.
"Қоқыс жәшіктерінің саны көбейеді. Арасыжақындатылып қойылады. Киім ауыстыратын орындар мәселесі де биыл толықтай шешілді. Сондай-ақ жағажайда полиция пункттері ашылады", - дейді баспасөз қызметі.
Жағажайда жұмыс істейтін кәсіпкерлер мен мамандардың айтуынша, жағажайдың ластануына тікелей тұрғындар кінәлі.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Қалдықты қарыс қадам тұрған қоқыс жәшігіне тастамайды. Құмға көме салады. Сосын әжетханаға бармайды. Өйткені 100 теңгесін аяйды. Мына әйелдер киімін ауыстыратын жердің ластығы сұмдық. Соның бәрін біз тазалаймыз. Бұл біздің міндет емес, бірақ жалға алып отырған соң қысым жасай ма деп, жалтақтап бітеміз", - дейді жағажайлық кәсіпкерлер.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Айта кетейік, былтыр суда жүзетін техникалардағы қауіпсіздік мәселесі де сөз болған. Скутер мен катамаранды жалға беретіндерді бақылап жатқан жан жоқ деп тұрғындар шағымданған болатын. Бұған қайық иелерінің айтар өз уәжі бар.
"Бір ғана құтқару желетін 12 мың теңгеге сатып аламыз. Оның сапасы өте төмен, ары кетсе бір аптаға шыдайды, сосын жыртылып қалады. Қымбатын алайық десек біреуінің бағасы 40-50 мың теңге, ондай желеттен кем дегенде 10 талын алуың керек. Оған шамамыз жетпейді. Катамаран, скутердің өзін бірнеше миллионға жалға аламыз. Оны мініп алған демалушы техниканы аямайды, суда барынша күшпен жүргізеді. Бір апта жұмыс істесе, бірнеше апта катамаран жөндеуде тұрады. Амал жоқ тәуекелге барамыз. 150 мың теңге айлықпен отырғанша, айына ең болмаса 250-300 мың тапсам деген үмітпен жүреміз", - дейді Мұрат Берікжанов.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана Дайырова
Ал қала әкімдігінің айтуынша, биыл судағы техникалар да бақылауға алынады.
"Биыл суда жүзетін техникалардың арнайы тұрағы болады. Оны полиция бақылайды. Ал олардағы қауіпсіздік жұмыстары биылдан бастап қолға алынады. Қазіргі 5.5 км болатын Қапшағай жағалауы абаттандырылып жатыр. Тротуарлар мен велосипед жолдары салынады. Спорттық және балалардың ойын-сауық конструкциялары, амфитеатр, пирстер және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келетін коммерциялық алаңдар орнатылады", - дейді ведомство.
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
1/14
© Sputnik / Айдана Дайырова
Қапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
© Sputnik / Айдана ДайыроваҚапшағай жағажайы шомылу маусымына дайындалып жатыр
2/14

3/14

4/14

5/14

6/14

7/14

8/14

9/14

10/14

11/14

12/14

13/14

14/14

Жалпы жергілікті биліктің жағажайға қатысты жоспары ұшан-теңіз.
"Жағажайды жандандыру арқылы барлық жас тобы мен санатына арналған ойын-сауық сценарийлерін қамтимыз. Сонымен қатар бұл орын Ironman халықаралық жарыстарының су кезеңін өткізуге мүмкіндік береді, ал судағы бірегей амфитеатр мәдени-бұқаралық іс-шараларды, спорттық жарыстарды өткізу үшін жаңа орын болады. 24 айға созылатын жобаны іске асыру кезінде қосымша 400-ден астам жұмыс орны ашылады. Бұл жобаны жүзеге асыруға жергілікті бюджеттен 2 млрд теңгеден астам қаражат бөлінеді", - дейді қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.